ГлавнаяЕгер сізде қандай да бір аллергия белгілері байқалса

Егер сізде қандай да бір аллергия белгілері байқалса

Егер сізде қандай да бір аллергия белгілері байқалса

Егер сізде қандай да бір аллергия белгілері байқалса немесе аллергия болуы мүмкін деп күдіктенсеңіз, бірден маманға жүгініңіз. Бұл – емделіп шығу жолындағы дұрыс қадам. Аллерголог дәрігер Зарина Джакибаева дәрігерге қаралу қажет екенін айтып береді:

1️⃣ Егер теріңіз кенет бөртіп, қышыса немесе қызарса, сондай-ақ ерніңіз, көзіңіз немесе дененің басқа да бір жерлері ісіп кетсе – міндетті түрде аллергологқа қаралыңыз.

2️⃣ Қайта-қайта түшкіру, мұрын бітелу, жөтел немесе тыныс алудың қиындауы аллергияның белгісі болуы мүмкін. Аллерголог аллергияның пайда болу себебін нақты анықтауға көмектеседі.

3️⃣ Егер қандай да бір тағам жеп, жануарларды ұстағаннан кейін немесе әлдебір орындарда тамақтанған соң ұшыну, аллергиялық ринит немесе есекжем сияқты жағымсыз белгілер байқалса – міндетті түрде дәрігерге жазылыңыз.

4️⃣ Аллергия препараттарға, күн сәулесіне, химиялық заттарға және басқа факторларға да байқалуы мүмкін. Ағзаңыздың осы нәрселерге реакциясын байқасаңыз, онда аллергологқа қаралыңыз.

Аллергологқа қаралу аллергендерді, аллергия түрін анықтауға және тиімді ем жоспарын құруға мүмкіндік береді. Денсаулық – зор байлық, сондықтан аллергияға күдік болған жағдайда аллергологқа баруды кейінге қалдырмаңыз.
Өзіңізді күтіңіз, деніңіз сау болсын!