ГлавнаяДәстүрлі қазақ медицинасы

Дәстүрлі қазақ медицинасы

Дәстүрлі қазақ медицинасы

Қазақ халқы ертеден өзінің кең байтақ даласында қандай өсімдіктер өсетінін жақсы білген және жергілікті шөптердің емдік қасиеттерін пайдалана білген.

Қазақтар емдеуге қолданған барлық емдік өсімдіктерді шартты түрде іштің өтуін тыятын, сергітетін, қыздыратын және іш өткізгіш деп бөлген. Рауғаштың негізінде дәрілер дайындау тәсілдері бізге дейін жетті, оларды құрсақ органдары ауруларын емдеуге, андызды –созылмалы іш өтуді емдеуге, аршаны – несеп шығару жүйесін емдеуге қолданып келді.

Қазақтың халық медицинасы қылшаның, қымыздықтың, қара андыздың да емдік қасиеттерін жақсы білген. Құрғақ жөтел кезінде мияның негізінде дайындалған тұнбаны, әдеттегі қалыпты жөтелде шардар тұнбасын берген. Меңдуана мен тамыры мен ұрығы улы болатын чилибуханы, басқа да қауіпті өсімдіктерді сирек қолданған.

Дәстүрлі қазақ медицинасының қазіргі ғылымға қосқан маңызды үлесі - ішек құрттарына қарсы құрал - дәрминені тапқаны, оның гүл шоғырларын қазақтар ежелден гельминтозды емдеуге пайдаланған. Қазіргі кезде жусан онкологиялық аурулармен күресте қолданылатын құрал есебінде зерттелуде.