Жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығы
Бөлімше меңгерушісі: Жунусов Аскар Аманжолович – жоғары санатты дәрігер
Жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығы
Біздің елімізде әр екінші өлім жүрек-қан тамырлары ауруларынан немесе солармен қалай да байланысты болады. Жүрек-қан тамырлары аурулары «ғасыр мәселелерінің» бірі болып табылады. Әлем бойынша одан жыл сайын 20 млн адам қайтыс болады. Бұл дерт өзінің кенеттен пайда болуымен қорқынышты. Сырқаттың белгілері қалай да өзі туралы хабар бермесе, ешкімнің басына дәрігерге көріну туралы ой келе бермейді.
Жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығында ашық жүрекке, жұмыс істеп тұрған жүрекке, ишемиялық ауруы бар жүрекке операциялар жүргізіле береді – бұл аутовеналармен аортокоронарлық шунттау (3-5 шунт) және толық артериалдық шунттау. Шеткі артериялар аурулары, көктамыр патологиясы кезіндегі операциялар. Операциялар өз пациенттеріне JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және жапон, неміс, жетекші өндірушілерінің PREMIUM сыныпты жабдықтарымен жабдықталған операция бөлмелерінде жүргізіледі.
Зерттеулер мен диагностика талдау нәтижелерінің дәйектілігі мен жеделдігі бойынша жетекші болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның ең ірі көп салалы зертханаларында жасалады.
Бөлімшеде толық емханалық зерттеу және операция алдындағы стационарлық дайындық жүргізуге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Пациенттерді оңалту үшін бөлімше жайлылықты қамтамасыз ететін барлық қажетті нәрселермен (жеке санитарлық торап, душ қабылдайтын орын, жайлы төсектер және т.б.) жабдықталған, 5-жұлдызды қонақүйлер деңгейіндегі екі орындық жайлы палаталар қарастырылған.
Барлық пациенттер қолда бар стационарлық диеталарды қолданып қоймай, белоктық-энергетикалық жетіспеушілігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, тамақты көтере алмайтын науқастарға, әр түрлі қосарлас аурулары бар науқастарға жеке-жеке көзқараспен қарайтын емдік тамақтанумен ілесе жүретін аурухана стационарында бақылауда болады.
Біздің мамандарымыз Израильдегі, Италиядағы, Германиядағы, Қытайдағы, Ресейдегі ең мықты клиникаларда оқып, 15 жылдан аса уақыт кардиохирургиялық операциялар, 23 жылдан аса уақыт шеткі бұлшықеттерге операциялар жүргізу тәжірибесін өтіп келген.
Стационарға жатқызу екі бөлікпен жүзеге асырылады, ақылы түрде және портал арқылы («Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде).
Біздің практикалық қызметіміз келесі операциялық араласуларды қарастырады және келесі науқастар санатын қамтиды:
«Жүректің ишемиялық ауруы бар» науқастар;
Аортокоронарография;
Коронарлық артерияны стенттеу;
Бір, екі, үш және одан көп шунтпен аортокоронарлық шунттау;
Сол жақ қарыншадан тромбэктомия;
Ревмотологиялық этиологиялы жүре пайда болған жүрек кемістігі бар науқастар;
Митралды қақпақшаны протездеу немесе иілімділігі;
Қолқа қақпақшасын протездеу немесе иілімділігі;
Үш жармалы қақпақшаны протездеу немесе аннулопластика;
Жүректің бастапқы және екінші өскіндерін алып тастау;
Конструктивті жүрекқап қабынуы кезіндегі перикардэктомиясы;
Экссудаттық жүрекқап қабынуы кезінде жүрекқапты инемен тесу;
18 жастан асқан «туғаннан жүрек кемістігі бар» науқастар;
Бітелмеген артериялық жолды лигирлеу;
Жүрекшеаралық қалқа ақауының пластикасы;
Қарыншааралық қалқа ақауының пластикасы;
Аяқ тамырларының атеросклерозы;
Қолқа бөксесін ашалық шунттау;
Сол және оң жақтан қолқа бөксесін шунттау;
Басқа тамырлы шунт немесе аностомоз;
Артериялардың аутокөктамыр пластикасы;
Артериялардағы к/і, к/с реконструктивті операциялар
Әр түрлі локализациялы аневризмді алып тастау.
Тамыр ішінде жасалатын араласулар (Ангиопластитика, артерияларды стенттеу, кеуде және құрсақ қолқасы аневризмдеріндегі стентграфт қою)
Шеткі қанмен қамтамасыз етуі бұзылған қант диабеті:
Басқа тамырлы шунт немесе аностомоз;
Артериялардың аутокөктамыр пластикасы;
Артериялардағы к/і, к/с реконструктивті операциялар
Тамыр ішінде жасалатын араласулар (Ангиопластитика, артерияларды стенттеу)
Брахиоцефалды артериялар атеросклерозы:
Синтетикалық бітеу немесе аутокөктамыр арқылы артерия пластикасымен күретамыр эндартерэктомиясы
Тамыр ішінде жасалатын араласулар (Ангиопластика, күретамыр артерияларын стенттеу).
Аяқ тамырларының түйнеліп кеңеюі:
Варикозды тамырларды с/к байлау және сылып тастау
Варикозды тамырларды с/к лазерлік коагуляциясы
БВ қақпақшасын экстравазалды түзету
Рейно ауруы:
Кеуде симпатэктомиясы
Бел симпатэктомиясы
Жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығының басшысы:
Жунусов Аскар Аманжолович – жоғары санатты дәрігер