Чорманова Руфина Рафиковна
бөлімше меңгерушісі
дәрігер-рентгенолог жоғары санатты дәрігер
м.ғ.к.
Вильлельмом Конрадпен Рентген 1895 жылы рентген сәулесін ашқаннан бергі уақыт рентгенология ғылымы көптеген клиникалық пәндерді байытты, олардың дамуына жол ашты, шипагерліктің ең тиімді тактикасын жаңартуға мүмкіндік тудырды. Сәуле арқылы зерттеудің әдістері қосымша фармокологиялық шығын немесе медициналық амалдар жұмсамастан-ақ, қызықтырған нысанның суретіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, көптеген аурулардың диагнозын қоюда шешуші маңызға ие. Рентгенологиялық зерттеу рентген – маталарының негізінде сәулелерінің әр түрлі дәрежеде ағзаның қатпарларына енетін қасиетіне негізделген. Бөлімше әлемдік стандарттарға сәйкес келетін аса жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бөлімшеде Simens Luminos RF фирмасының ТМД елдеріндегі 5 құрылғының бірі болып табылатын, Алматы қаласындағы өзге мекемлерде жоқ, тегіс детекторы бар, айрықша сапалы сандық диагностикалық рентген аппараты орнатылған. Бұл аппарат арқылы жүргізілген зерттеу ерекше айқындығымен дараланады, сондықтан ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді. Бөлімшеде Сименс фирмасының “ARCADIS VARC” атты ұтқыр рентген аппараты бар, буындарды эндопротездеу жөніндегі операциялар жасағанда пайдаланылады. Сонымен қатар әр түрлі органдардың және жүйелердің кемістіктеріне қатысты рентгендік диагноз қою үшін керек өзге де заманауи жабдықтар бар. Бөлімшеде рентгенологиялық зерттеулердің мынадай түрлері орындалады: [list icon='fa-circle' ] Сүйектер мен буындардың рентгенографиясы; асқазанның және ішектің рентгеноскопиясы барий извесі арқылы қарама-қарсы түстер туғызу жолымен; ирригоскопия - жуан ішекті контрасты зерттеу; экскреторлық урография - бүйректерді және зәр шығаратын жолдарды зерттеу; ЛОР органдарын рентгенологиялық зерттеу; Метросальпинграфия – әйелдің жамбас маңындағы органдарың контрастылы зерттеу. [/list]