Басты бетФизиотерапия және оңалту бөлімі

Физиотерапия және оңалту бөлімі

Адамдар өмірдегі қалыпты жағдай ретінде қабылдайтын көптеген белгілер болады: аздап ауырады – сосын қояды. Өкінішке орай, ағзаның бұлшықет жүйесін босаңсытуға, күшейтуге және жаттықтыруға бағытталған емдік дене шынықтыру деген тамаша құрал бар екенін әр адам біле бермейді.

Мұндай бағдарламалар өз денсаулығын ойлайтын әр адамға сәйкес келеді. Қажет болған жағдайда жеке бағдарламалар қолданылады.

Ол әсіресе мыналар үшін маңызды:

  • Кәсібіне байланысты үнемі отырып жұмыс істейтін  кеңсе қызметкерлеріне;
  • Тірек-қимыл жүйесінде, мойын және бел омыртқада бұзылулардың болуынан зардап шегетіндерге;
  • Жүрек-қан тамырлары ауруларында;
  • Салмақты түсіру бағдарламасымен бір кешенде;
  • Босанғаннан кейінгі кезеңге.

Емдік дене шынықтыру ағзаның қимылға табиғи ұмтылысын ескереді, сондықтан (ЕДШ)  - пациенттерді медициналық оңалтудың басты звеносы. 

ЕДШ бөлімшесі екі залдан тұратын кең кешеннен тұрады. Заманауи Technogym оңалту тренажерларымен, енжар механикатерапияға (СРМ) арналған аппараттармен, швед қабырғаларымен, кушеткалармен жабдықталған және пациенттермен топ болып та, әрі жеке де айналысуға арналған. 

Совмин ауруханасының ЕДШ бөлімшесінің дәрігерлері үлкен махаббатпен және жанашырлықпен белсенді өмір ұзақтығын соза отырып,  өз пациенттерінің қауіпсіздігіне  JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес кепілдік береді, JCI – бұл сапа бойынша «алтын стандарт» деп аталатын, медициналық ұйымның халықаралық деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға, сондай-ақ,  пациенттердің қауіпсіздігі бойынша халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін растайтын  денсаулық сақтау саласындағы аса әділ әрі беделді халықаралық сертификаттау.

Диагностика және емдеу әдістері француз, неміс және италияндық жетекші өндірушілерінің PREMIUM сыныпты жабдықтарымен жүргізіледі.

Зерттеулер мен диагностика талдау нәтижелерінің дәйектілігі мен жеделдігі бойынша жетекші болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның ең ірі көп салалы зертханаларында жасалады. 

Бұған куә:

  • Сапаны сыртқы бағалаудың ең ірі халықаралық жүйесі – RIQAS (Британия).Оны 133 елден 45000-нан аса  зертхана-қатысушы пайдаланады.
  • Сыртқы бақылау мен сапаны бағалаудың  халықаралық бағдарламалары - EQAS (АҚШ).
  • Медициналық зертханалар біліктілігінің сапасына қойылатын талаптарға сәйкестік ҚР СТ ISO 15189-2015

Адамның қимыл белсенділігі – бұл оқиғаға толы, денсаулықпен, толық өмір сүру. 

Біз Сіздерді бөлімшемізде қуана күтеміз. 

Аппараттық механтерапия –буындардың қимылын енжар әзірлеуге және жақсартуға арналған.

Кинезотерапия дұрыс тыныс алуды, дұрыс қимылдауды, күш-қуат пен жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруді сәйкестендіруді қамтамасыз етеді.

Слинг-терапия – пациенттің салмағын ішінара немесе толығымен жеңілдету жағдайында жеке ыңғаймен аспалы жүйені қолдану. Ауырлық күшінің әсерінсіз жаттығулар орындауды қамтамасыз етеді.

Дощанова Райхан Мұхамедрахымқызы- бөлімше меңгерушісі жоғары санатты дәрігер-физиотерапевт
м.ғ.к. 

ЕДШ нұсқаушылары:

  • Ильина Вероника Владимировна- Физикалық терапия нұсқаушысы;
  • Гаранина Евгения Павловна- Физикалық терапия нұсқаушысы;
  • Шипулина Ольга Анатольевна- Физикалық терапия нұсқаушысы.

 

Физиотерапия бөлімшесінің дәрігерлері қамқорлықпен және мейіріммен денсаулығыңызды сауықтыруға көмектеседі, JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік береді, JCI - бұл денсаулық сақтау саласындағы барынша объективті және беделді халықаралық сертификаттау, сапаның «алтын стандарты» болып есептеледі және медициналық ұйымның әлемдік деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға сәйкестікті, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестікті растаушы болып табылады. Диагностикалау және емдеу әдістері жапон, неміс, америкалық және корей жетекші өндірушілерінің PREMIUM классты жабдығында жүргізіледі. Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады. Оны төмендегілер куәландырады:

  • САПАНЫ СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫҢ ең ірі халықаралық жүйесі - RIQAS (Британия). Оны 133 елдегі 45 000 астам зертхана пайдаланады.
  • Сапаны сырттай бақылаудың және бағалаудың халықаралық бағдарламасы - EQAS (АҚШ)
  • Медициналық зертханалар құзыреттілігінің сапа талаптарына сәйкестігі ҚР СТ ISO 15189-2015

Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей) маманданудан өтті және оқытылды.  

«Біз дәрі-дәрмексіз, дыбыспен, жарық және жылумен емдейміз».  

«Біз тек Сіздер үшін сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін  (демалыс күндерден басқа) жұмыс істейміз».

Еуропаның бірегей жабдықтарында физиоемделуді ұсынамыз:

  • өкше сүйек сүйелін емдеу;
  • гидроколонотерапия;
  • инновациялық әдіспен остеохондрозды емдеу;
  • емдік массаждың барлық түрлері (жоғары санатты мамандар);
  • озық технологиялармен «диабеттік табанды» емдеу.

«Сіздерге аурудың  барлық түрлеріне арналған озық физиотерапия қызметтері ұсынылады».

Бөлімше қызметкерлері:

Алиякбарова Дана Болатбековна -  дәрігер-физиотерапевт;

Асанова Камажай Санкебаевна-   дәрігер-физиотерапевт;

Дорофеева Индира Шафхатовна - дәрігер-физиотерапевт.