Басты бетПатологоанатомиялық бөлім

Патологоанатомиялық бөлім

Біз JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттеріміздің қауіпсіздігіне кепілдік береміз, JCI - бұл денсаулық сақтау саласындағы барынша объективті және беделді халықаралық сертификаттау, сапаның «алтын стандарты» болып есептеледі және медициналық ұйымның әлемдік деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға сәйкестікті, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестікті растаушы болып табылады.

 

Патологоанатомия бөлімшесі:

  • тірі кезде тілінген тіндер мен органдарды диагностикалау;
  • операциялық араласулар кезінде шұғыл зерттеулер (шұғыл биопсия);
  • морфологиялық диагноздарды сәйкестендіру мақсатында басқа емдеу мекемелерінен алынған гистопрепараттарға байланысты консультация беру;
  • блоктарды қайта кесу және шыныпрепараттарды қайта қарау;
  • жағындыларды онкоцитологиялық зерттеу;
  • стационарда қайтыс болған науқастарды клиникалық диагностикалаудың сапасына патологоанатомиялық, гистологиялық және цитологиялық сараптама жасау;
  • аутопсия кезінде  диагностикалау - қайтыс болу диагнозы мен себептерін анықтау мақсатында патологоанатомиялық сараптама жасау;
  • халыққа салттық қызмет көрсету (қайтыс болған адамның денесін тоңазытқыш камерасында сақтау, жуындыру, киіндіру, бальзамдау, қоштасу залында салттық, діни рәсімдерін жүргізу) қызметтерін көрсетеді.

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ базасында гинекология бөлімшесінде Қазақстан Республикасында алғаш рет бедеуліктің әртүрлі түрлерін диагностикалау мен емдеудің жаңа әдісі енгізілді. Бұл әдіс эндометрияны (жатырдың сілеймелі қабаты) ИММУНОГИСТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ болып табылады, әдіс жүкті бола алмаудың себептерін нақты анықтауға және тиісті ем түрін (кенеттен болған жүктілік, ЭКҰ-ға дайындалу) таңдауға мүмкіндік береді. Бұл талдау Санкт- Петербург қаласындағы  «Д.О. ОТТА атындағы акушерлік және гинекология ҒЗИ» ФМБМ әдістемесі бойынша, әлемдік деңгейдегі маман, РФ еңбек сіңірген қайраткері, профессор И.М.Кветнойдың басшылығымен жүргізіледі. Аталған әдіс Ресей Федерациясының мыңдаған әйелдеріне жүкті болуға, дені сау баланы дүниеге әкелуге мүмкіндік берді. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін бөлімше төмендегілерді орындайды:

  • ауруханада қаралып-тексерілетін және емделіп жатқан пациенттерді клиникалық диагностикалаудың сапасын арттыруға бағытталған зертханалық, цитологиялық және гистологиялық диагностикалаудың жаңа әдістерін тұрақты енгізу;
  • науқастардың қайтыс болуының себебі болған негізгі патологиялық жағдайларға патологоанатомиялық сарапма жасаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, сондай-ақ клиникалық диагностика мен емдеудің толыққандылығана құжаттық сараптама жүргізу;
  • аурухананың стационарлық бөлімшелерімен тұрақты түрде өзара әрекеттестік, сабақтастық және кері байланыс жасауы ауруханада диагностикалаудан өткен және емделген науқастардың тірі кезіндегі және қайтыс болғаннан кейінгі диагноздарын қоюдың сапасын арттыруға бағытталған.

Бөлімше меңгерушісі: Ж.Д. Даирбекова - жоғары санатты дәрігер-патологоанатом, сот-медициналық сарапшы, ҚР Сот сарапшылары мемлекеттік тізілімінің мүшесі. Бөлімше қызметкерлері: А.Х.Балапанова - жоғары санатты дәрігер-патологоанатом, м.ғ.к.; А.Б.Токтарова - жоғары санатты дәрігер-патологоанатом; Г.Р.Джакельбаева - жоғары санатты дәрігер-цитолог.