Бөлімшесі туралы:
Ұлттық госпитальдің стоматологиялық бөлімшесі тістердің, қызыл иектің және жақ-бет аймағы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу қызметтерін көрсетеді.
Бөлімшесінің барлық дәрігерлері жоғары біліктілік санатына ие және Оңтүстік Корея мен Германия елдерінде тағылымдамадан өткен.
Стоматологиялық бөлімшесі Joint Commission International (JCI) халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейді және емдеу қауіпсіздігі, сапасы мен инфекциялық бақылаудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Бөлімшесі қызметтері:
- эстетикалық стоматология;
- тістерді реставрациялау, кәсіби тазалау, ағарту;
- протездеу;
- дентальды имплантация.
Үрейі жоғары науқастар үшін арнайы «дабыл түймесі» қарастырылған - түйме басылған жағдайда барлық медициналық манипуляциялар дереу тоқтатылады.
Бөлімшесі дәрігерлері:
- Нагина Елена Николаевна - Бөлімшесі меңгерушісі;
- Рысмендиева Айнур Дауреновна - дәрігер-стоматолог-терапевт;
- Рой Сергей Владимирович - дәрігер-стоматолог-хирург;
- Абулгазина Татьяна Маратовна - дәрігер-стоматолог-терапевт;
- Масюкова Элла Аркадьевна - дәрігер-стоматолог.