Жыл сайын аллергиядан зардап шегетін адамдардың саны көбеюде. Статистика деректері бойынша Қазақстан Республикасында аллергиямен ауыратындардың саны жыл сайын 20%-ға өсіп келеді. Аллергияның белгілері әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан дәрігерлер аллергияның алғашқы белгілері пайда болғанда бірден дәрігерге қаралуды ұсынады. «Сізді жөтел, мұрынның бітелуі және аллергиялық реакциялар мазалай ма? Сіз бұдан шаршадыңыз ба? Сіз аллергияның неден екендігін білмейсіз бе? Қаласаңыз біз Сізге көмектесеміз?» Біз аллергиямен қалай күресу керектігін білеміз! Совмиканың күндізгі стационары бар аллергоорталығы JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік береді, JCI - бұл денсаулық сақтау саласындағы барынша объективті және беделді халықаралық сертификаттау, сапаның «алтын стандарты» болып есептеледі және медициналық ұйымның әлемдік деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға сәйкестікті, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкестікті растаушы болып табылады. Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс және корей PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі. Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады Оны төмендегілер куәландырады:
- САПАНЫ СЫРТТАЙ БАҒАЛАУДЫҢ ең ірі халықаралық жүйесі - RIQAS (Британия). Оны 133 елдегі 45 000 астам зертхана пайдаланады.
- Сапаны сырттай бақылаудың және бағалаудың халықаралық бағдарламасы - EQAS (АҚШ)
- Медициналық зертханалар құзыреттілігінің сапа талаптарына сәйкестігі ҚР СТ ISO 15189-2015
Аурухананың күндізгі стационарына пациенттер қажеттінің барлығымен жабдықталған (жайлы төсектер, теледидар, ауа баптағыш және т.б.), жайлы, бір және екі орынды палаталарға орналастырылады. Аллергоорталықтың дәрігерлері алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей) маманданудан өтті және оқытылды. Аллергоорталықтың меңгерушісі: Ахметова Динара Жомартовна - бірінші санатты дәрігер.