Басты бетУронефрология бөлімшесі

Уронефрология бөлімшесі

Қазіргі кезде 60 жастан асқан әрбір екінші ер адам аз қозғалатын өмір сүру салты мен құрамында майлары көп тамақтану нәтижесінде қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясымен ауырады.

Егер сіз немесе сіздің таныстарыңыздың біреуі бүйрек (гломерулонефрит, пиелонефрит, бүйректің несеп-тас ауруы, бүйрек поликистозы, бүйрек жеткіліксіздігі) немесе несеп-жыныстық жүйе және оның жекелеген ағзаларының ауруларымен (бүйрек ауруы, ер адамның белсіздігі, простатит және т.б.) ауыратын болса, урология және нефрология саласындағы маманның көмегіне дереу жүгінгені дұрыс.

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның уронефрология бөлімшесі JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттердің қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, урологиялық және нефрологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі.

Түрлі уронефрологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу әдістері жапон, неміс, америкалық және корей жетекші өндірушілерінің PREMIUM классты жабдығында жүргізіледі.

Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады.

Пациенттер бес жұлдызды қонақүй деңгейіндегі, қажеттінің барлығымен жабдықталған (жеке сан.торап, душ, жайлы төсектер және т.б.), жайлы, бір, екі және үш орынды палаталарға орналастырылады.

Барлық пациенттер аурухана стационарында бақылауда болады, оларға стандартты диеталар ғана емес, ақуызды-энергетикалық жеткіліксіздігі бар, операциядан кейінгі, тамақты қабылдамайтын, сондай-ақ жанамалас аурулары бар науқастарға жекелеген тәсілдер пайдаланылады.

Стационарға емдеуге жатқызу екі ағым бойынша: ақылы негізде және портал бойынша (хирургиялық емдеуге арналған «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде) іске асырылады.

Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей) маманданудан өтті және оқытылды.

Бөлімшеде тасты ұсақтауға және элиминациялауға (шығаруға) бағытталған несеп-тас ауруын емдеуде жетекші хирургиялық әдістемелер қолданылады.

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ) – орта және егде жастағы ер адамдарда кеңінен таралған ауру. ҚБҚГ-ны емдеудің негізгі түбегейлі әдісі операция жасау болып табылады. Қазіргі заманғы урологияда ҚБҚГ-ға операция жасаған кезде трансуретральді энуклеация қолданылады.

Бізде қуықасты безінің аденомасын емдеудің Қазақстан Республикасы бойынша түрлі әдістері бар.

Қуықасты безінің гиперплазиясын емдеуде лазер технологиясы, «алтын стандарт»  болып табылатын ҚБҚГ ТУР қолданылады, бұл жеңіл әрі тиімді емдеу әдісі болып табылады.

Уронефрология бөлімшесі бұл:

  • клиниканың көп бейінділігі;
  • урологияда 25 жылдық жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • сараптау классының медициналық жабдықтарын пайдалану;
  • жабдықтардың көп функциялылығы, рентген және ультрадыбыстық компоненттердің жоғары сапалы бірігуі;
  • бөлімшенің жоғары техникалық жабдықталуы (Karl Stors. Dornier).

 «Тассыз бүйрек»

Бөлімше меңгерушісі:

Бегалин Айдар Касымович – жоғары санатты дәрігер-уролог, м.ғ.к.

Бөлімше қызметкерлері:

Шильдебаев Ельтай Кадырбекович – жоғары санатты дәрігер-уролог.

Айтбаев Рустем Сапаралиевич – дәрігер-уролог, PhD.