Кунышбеков А.С.
бөлімше меңгерушісі
Қай уақытта жедел түрде хирургке қаралу қажет?
- Іштің жіті, кенеттен пайда болатын және жарты сағат бойы басылмайтын ауруы;
- Терінің және тері асты өзегінің іріңді аурулары;
- Түрлі тұрмыстық жарақаттар: кесіп алу, қан тоқтамаған жарақат;
- Асқазан-ішектен қан кету;
- Аппендицит;
- Холецистит;
- Ішектің тарылуы;
- Панкреатит және басқалар.
Кез-келген ісіну, қызару – бұл әдетте іріңді қабынудың барын білдіреді. Мұндай жағдайда белгілі бір уақытқа дейін үйде емделуге болады. Қабынудың әсерінен түнді ұйқысыз өткізсеңіз – дереу хирургке барып қаралыңыз.
«Орталық клиникалық аурухана» АҚ JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, хирургиялық операциялар жүргізеді.
Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, америка және кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі.
Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады.
Операциялар айналасындағы тіндерді аз жарақаттай отырып, асқынусыз жүргізіледі, операциядан кейінгі кезеңде алыс шетелден келген оңалту мамандарымен бірге қалпына келтіру емінің тиімді әдістері пайдаланылады.
Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.).
Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға жеке емдеу тәсілдері қолданылады.
Стационарға емдеуге жатқызу ақылы негізде және портал бойынша («Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» шеңберінде) жүзеге асырылады.
Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдегі (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай Ресей) үздік клиникаларда оқудан және маманданудан өткен.
Біздің барлық лапароскопиялық операциялар аз жарақаттайды, қан шығармайды және ерте оңалтуға жатады.
Абдоминальды жарық (лапароскопиялық әдістер) және жіті аппендицитті (лапароскопиялық аппендэктомия), тоқ ішек ауруларын емдеудің (тоқ ішекке лапароскопиялық операциялар), салмақты хирургиялық түзету (бариатриялық операция), эстетикалық хирургияның (липосакция) жаңа әдістері белсенді түрде қолдануда.
Жіті панкреатитті (плазмаферез, қан УФО, озонотерапия, қанды ультрадиафильтрация) консервативті емдеудің жаңа әдістері қолданылады.
«Орталық клиникалық аурухана» АҚ-да:
- Хирургия бөлімшесі;
- Хирургия 2 (ЛОР, офтальмология);
- Нейрохирургия орталығы;
- Жүрек-қан тамыры хирургиясы орталығы (кардиохирургия, тамырлық хирургия);
- Интервенциялық кардиология және эндоваскулярлық хирургия бөлімшесі;
- Травматология және ортопедия бөлімшесі;
- Уронефрология бөлімшесі;
- Гинекология бөлімшесі;
- Операциялық блок жұмыс істейді.
«Егер Сіз бізбен бірге болсаңыз, Сізде бәрі жақсы болады»
Хирургиялық қызмет орталығының басшысы
Куанышбеков Ашим Сатыбалдыевич — хирургия бойынша жоғары санаты бар, медицина ғылымдарының кандидаты.