Басты бетКәдімгі МРТ аппараты ғашықтық сезімін көре алатынын білесіз бе?

Кәдімгі МРТ аппараты ғашықтық сезімін көре алатынын білесіз бе?

Кәдімгі МРТ аппараты ғашықтық сезімін көре алатынын білесіз бе?

Кәдімгі МРТ аппараты ғашықтық сезімін көре алатынын білесіз бе? Адам ғашық болғанда дофамині бар жерлер сәулеленіп көрініп тұрады екен, ал дофамин – жағымды сезімдер тудыратын нейромедиатор.

Тіпті қарапайым рентген де адамның қимыл, есту, көру және эмоциялық сезімдерін көрсетеді. Кез келген күйзелістен ағзада гормондар бөлінеді. Олардың бірі – адреналин, ол қан тамырларын тарылтады, сондықтан біз жүрек тұсында шаншу, ауырсынуды сеземіз – яғни жүрек кәдімгідей қиналып кетеді.

- Адамдар шынында жүректі жанымен байланыстырады, бірақ анығында бұл бұлшықет қана, сондықтан біз оны ерекше нәзік деңгейде сезе аламыз, - деп түсіндіреді оны Орталық клиникалық аурухана кардиологы Гауһар Утина, - махаббат пен сүйіспеншілік сезінгенде біз эмоцияға берілеміз, осы кезде жүрек қаттырақ соғып, химиялық реакция пайда болады.

▪Көбінесе бір жеріміз ауырса, жүрегім ауырып тұр деп ойлап қалуымыз мүмкін. Шынымен жүрек ауырып тұрғанын қалай білуге болады?

Бұл сұраққа дәрігер былай дейді:

- Жүрек қатты шаршағаннан және эмоциялық жүк түскенде ауырады – ауырсыну оң жақтан емес, кеуде тұсында білінеді. Бірдеңе батып, жаншығандай сезім туады, кеуде қуысының тереңінде ауырғандай болады. Сол қол, сол иық, астыңғы иек те сыздайды, іштің жоғары жағы да ауырып, кейде лоқсу пайда болады. Мұндай күй ұзаққа созылмайды – бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін. Жүрегіңіз ауырған сәтте қимылды азайтып, сәл тынығып алыңыз. Жүрегі ауыратын кісілерге нитроглицерин көмектеседі, бірақ алғашқы белгілері білінгенде дәрігер кеңесіне жүгінген жөн. Совминде жүрек емімен айналысатын кардиологиялық орталық пен екі бөлімше бар, Медеу ауданының тұрғындарына шұғыл көмек көрсетіледі.

Кардиологтың айтуынша, дәрігерді көмек-кеңесіне жүгінетіндердің басым бөлігі – ер адамдар, қазір тіпті 25 жастағылар да келеді. Емделушілер арасында әйелдер азырақ.

Ауруханадан бір-ақ шықпау үшін салауатты өмір салтын ұстанып, стресстен аулақ болу керек, жүрекке шамадан тыс жүк түсірмеңіз, уақытында тексеріліп, салмағыңыз бен тамақтануды бақылауда ұстаңыз және зиянды әдеттерден бас тартыңыз – дейді кардиолог Гауһар Утина.