Басты бетМақсатым - әдемі күлкі сыйлау

Мақсатым - әдемі күлкі сыйлау

Мақсатым - әдемі күлкі сыйлау

Көп адамдар тіс дәрігеріне көрінуге қорқатын белгілі. Өзім де бала кезде тіс дәрігерінің алдында жүрексінетін едім. Стоматолог мамандығын таңдаған себебім , тісті емдеу барысында ауыртпай адамдарға сенім ұялатып , олардың әдемі тістерімен жымиғанын, күлгенін көргім келді - дейді Ұлттық госпитальдің стоматолог дәрігері Айнұр Дәуренқызы.

С.Асфендияров атындағы қазақ Мемлекеттік медицина университетінің стоматология факультетінде 1993- 1998жылдары білім алған маман әлі күнге дейін ізденіп, оқудан жалықпаған .

Қазіргі уақытта тіс ауруларының кең тараған түрлеріне тістегі тас, тіс жегісі, тіс ұлпасының қабынуы және де қанжел жатады. Бұлардың көпшілігі тіс күтімінің ойдағыдай болмауы мен дұрыс тамақтанбаудан және ағзаға дәрумендердің жетіспеуінен пайда болады екен. Ауыз қуысы гигиенасын сақтамаудың салдарынан микробтар тістің ішкі қуысына өтіп, тіс қабынуына әкеп соқтыратын көрінеді. Тіс - адам ағзасында ең маңызды роль атқарады. Сондықтан жылына бір мәрте дәрігерге барып тексеріліп, тістің ауырғанан күтпей уақтылы емделіп тұру керек дейді А. Дәуренқызы. Ата –аналар балалардың тіс күтіміне салғырт қарамай, оларға жан-жақты түсіндіріп, дәрігерге қорықпай барауына ықпал етулері қажет. Тіс те адамның жасына орай басқа ағзалар секілді қартаяды. Сондықтан ерекше күтім қажет екенін есте ұстаған жөн.