Басты бетҚанның ұюы өте қауіпті

Қанның ұюы өте қауіпті

Қанның ұюы өте қауіпті

13- қазанда медицина қызметкерлері дүниежүзілік тромбоз күнін атап өтеді. Бұл күн 2014 жылы Халықаралық тромбоз және гемостаз қоғамының бастамасымен құрылып, тромбоз патофизиологиясының негізін қалаушы Рудольф Вирховтың туған күніне орайластырылған. Ұлттық госпитальдің хирург дәрігері Арман Ерланұлы Айманбетовтен осы сырқат түрі жайлы сұхбат алған едік.

Бұл күннің мақсаты - бүкіл әлем халқының назарын тромбоз мәселесіне аудару, науқастарға ауру туралы түсіндіріп, дер кезінде диагностикалау және оның алдын алудың маңызды екенін жеткізу. Жүрек-тамыр аурулары әлемде және Қазақстанды алғашқы орында тұр. Жыл сайын миллиондаған адам көз жұмады. Тромбоз - қан тамырларының немесе жүректің қуысында қанның ұюынан пайда болатын ауру түрі. Ол тамырдың люменін бітеп, қалыпты қан айналымына кедергі келтіреді кейде оны толығымен жауып қалып, соның әсерінен маңызды ағзаларға кері әсерін тиігзеді. Асқынуар пайда болады.

Тромба тамырдың түріне байланысты артериялық және веноздық тромбоз бөлінеді. Аяқтың терең тамырларында пайда болған ұйыған қан өте қауіпті. Бөлінген веноздық тромб қан арқылы қозғалып, өкпеге еніп, өкпе эмболиясын тудырады. Бұл мүгедектікке апарады тіпті кейбір жағдайларда өлімге әкеледі.Тромбоздың бұл түрі симптомсыз болғандықтан көптеген адамдар өте қауіпті екенін біле бермейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының мәліметі бойынша бүкіл әлемде веналық тромбоэмболиямен (ВТЭ) науқастардың саны жыл сайын артып, 10 миллион адамға жеткен.

Тромбоздың алдын алу, қан тамырларда тоқырау , қанның ұюы пайда болмуы үшін теңдестірілген диета ұстап, тұрақты физикалық белсенділікті әдетке айналдыруған дұрыс.

Сарапшылар диетаға калий, магний және кальций бар тағамдарды қосуға, күніне кемінде 5 порция жаңа піскен көкөністер мен жемістерді жеуге, тәулігіне 1 кг дене салмағына 30 мл мөлшерінде жеткілікті сұйықтық ішуге, сондай-ақ жаяу жүруге кеңес береді. Профилактикалық тексерулерден уақытында өтіп, дәрігерлер ұсынған кеңестерді орындау керек. Темекі шегу мен алкогольді ішімдіктерден аулақ болған жөн дейді хирург Арман Ерланұлы.