Әдібай Жанат Орынғалиқызы
бөлімше меңгерушісі
жоғары санатты дәрігер-гастроэнтеролог[/caption] Бүгінгі күні гастроэнтерологтар ішкі органдарды басқа аурулары арасында асқазан-ішек жолдарының ауруы алда тұрғанын жиі айтып жүр. Себебі қазіргі заманда дұрыс және толыққанды тамақ ішу орындарын табу жиі кездеспейтініне таң қалуға болмайды. Біз үнемі асығып жүреміз, құрғақ тамақ жей саламыз, фаст-фуд өнімдерін пайдаланамыз, спортпен айналысуға және белсенді демалуға көңіл бөлмейміз. Осының салдарынан ішекте және асқазанда әр түрлі ауырсыну жағдайлары байқалады – бұл гастроэнтерологқа барып көрінуді қажет етеді. Тіпті қарапайым асқазан қыжылы немесе жүректің айнуы, метеоризм симптомдары немесе дәреттің бұзылуы – осының бәрі қауіпті аурулардың алғашқы симптомдары болуы мүмкін және тек білікті дәрігер-гастроэнтеролог ғана жағдайға кәсіби баға бере алады. Сіздерді СовМинканың гастроэнтерология бөлімшесінде қарап тексерудан өтуге және мүмкін болатын аурулардан емделуге шақырамыз. СовМинка JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттерінің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Диагностика және емдеу әдістері жапон, неміс, америка және кореяның алдыңғы қатарлы өндірушілерінің PREMIUM класты жабдығында жүргізіледі. Зерттеу және диагностика талдау нәтижелерінің дұрыстығы мен жылдамдығы бойынша көш бастап тұрған Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның көп салалы ірі зертханасында жасалады. Пациенттерді бөлімшеге орналастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған 4-5 жұлдызды қонақ үй деңгейіндегі бір, екі және үш орынды палаталар қарастырылған (жеке санитарлық торап, душ, жайлы төсектер және т.б.). Аурухана стационарындағы барлық пациенттерге жеке стандартты емдәм тағамдарымен қатар ақуыз-энергиясының жеткіліксіздігі бар ауыр науқастарға, операциядан кейінгі науқастарға, асқазаны тағамды қорыта алмайтын науқастарға, сондай-ақ осыған ұқсас әр түрлі аурулары бар науқастарға жеке емдеу тәсілдері қолданылады. Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдегі (Испания, Ресей) үздік клиникаларда оқудан және маманданудан өткен. Ас қорыту жүйесі органдарын емдеу барысында кешенді тәсіл – диетотерапия, тағам режимі, физиоемшаралар, йога және басқа да заманауи тәсілдер қолданылады. Бөлімше меңгерушісі - Адибай Жанат Орынғаликызы – бірінші санатты дәрігер-гастроэнтеролог, «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірген. 2015 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, 2015 жылы Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкімінің құрмет грамотасымен, ҚР ПІБ құрмет грамотасымен марапатталған. Дәрігер: Оспанбекова Айман Бакбергеновна – жоғары санатты гастроэнтеролог.