Басты бетДүниежүзілік Донор күні

Дүниежүзілік Донор күні

Дүниежүзілік Донор күні
14 маусым-Дүниежүзілік Донор күні.  Жыл сайын 14 маусым барлық елдер World Blood Donor Day- Дүниежүзілік Донор күнін атап өтеді. Донорлық мыңдаған адамның өмірін кұтқарады, сонда да еркін қан көп қажет. Адам өмірін емдеу ұшін де, шұғыл медициналық көмек үшін де қажеттілік болып табылады. Жаңа туылған нәрестелер мен аналар өмірін сақтауға, көптеген хирургиялық  емшаралар  кезінде,  түрлі табиғи және басқа да апаттар кезінде қан адамдарды кұтқаруға көмектеседі.  МЕРЕКЕ ТАРИХЫ Алғаш рет донор күні  2004 жылдың 14 маусым күні өтті, ал бір жылдан кейін Женевада Дуниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 58 – ші сессиясында мереке болып бекітілді.  14 маусым кездейсоқ таңдалмаған күн емес, бұл күні австриялық дәрігер, иммунолог Карл Ландштейнер (1868-1943) дүниеге келген. Ол 1930 жылы адам қанының топтарын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған. Дүниежүзілік Донор күніне бастамашылар ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтауды ұйым), Халықаралық федерациясы мен  Қызыл крест және Қызыл жартыай (гуманитарлық қозғалыс, бүкіл әлем бойынша еріктілерді біріктіреді), Қан донорлары ұйымдарының халықаралық федерациясы мен қан кұю жөніндегі Халықаралық қоғам болды. Олардың барлығы адамдарды ерікті және тегін қан тапсыруға  шақырады. Донор күні қоғамның назарын қан жетіспеушілігі мәселелеріне  және қанның өзінің басқа да ауруларына мән беруге бағытталған. МЕРЕКЕ ДӘСТҮРІ Бұл күн қанды өз еркімен және тегін тапсыратын адамдарға құрмет көрсету үшін, сондай ақ жаңа донорларды тарту үшін арнайы құрылған болатын.  Салтанатты іс-шаралар барысында Құрметті донорларды (бұл 40 одан да көп  рет қан немесе 60 және одан да көп рет плазма тапсырған адамдар) құрметтейді. Қазақстан Республикасында  «Құрметі донор» атағы жойылды. Бізде қанды 40 немесе қан плазмасын 70 реттен артық өтеусіз тапсырған донорлар  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ұсынылады.  Донорлардың денсаулығын қорғауға және оларды одан әрі қолдауға  ерекше көңіл бөлінеді, өйткені бұл олардың қан тапсыруға дайындығын тұрақты негізде нығайту үшін маңызды фактор болып табылады. МЕРЕКЕ ТАҚЫРЫПТАРЫ Жыл сайын Донор күні жекелеген тақырыптарды таңдайды, оның аясында мерекелік және білім беру іс-шаралары жүргізіледі. Мысалы, 2012 жылы Донор күнін мерекелеу үшін «Әрбір қан доноры - батыр» тақырыбы таңдап алынды, мағынасына қарай әрбір қан тапсырушы адам батыр бола алады деген идея жатыр.  Әрбір науқанның тақырыбы  әлемдегі барлық адамдарды донор болуға шақыру, тек осындай іс-шаралар жүргізу арқылы қан қорын және барлық қажет ететіндер үшін қанның қолжетімді болуын  қамтамасыз етуге болып табылады. 2020 жылғы науқан тақырыбы «Қауіпсіз қан өмірді құтқарады» және «Бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығы үшін қан тапсыру» ұранымен өтуде. Алайда COVID-19 пандемияның созылуына байланысты ДДҰ ғаламдық науқанды  виртуалды форматта өткізуде.   ҚАН ДОНАЦИЯСЫНЫҢ АҒЗАҒА ӘСЕРІ Донор — бұл өз қанын сыйлайтын адам, яғни науқас адамға – денсаулық, ауыр халдегі адамға – өмір сыйлайды. Бүгінгі күні қан донорлығы мүлдем қауіпсіз және зияны жоқ процедура.  Дені сау адам үшін бұл процедура пайдалы болмақ. Донор ағзасында бейімделгіш реакция деңгейі артады, қантүзілім және иммунитетті ширықтырады, қан жасушаларының утилизациясына қатысатын органдардың жеңілдеуі байқалады. Дені сау адам үшін 500 мл дозада қан тапсыру мүлдем зиянсыз әрі қауіпсіз екені дәлелденген. Сондықтан 400 мл доза физиологиялық қан тапсыру деп аталады. Адам ағзасында шамамен 5 литрге жуық қан бар, яғни дене салмағынан  6-7% құрайды. Донордың денсаулығына зиянсыз және қауіпсіз қан тапсыру дозасы 450 мл болып табылады. Бұл ретте ол 18-20 сағат ішінде қалпына келетін қанның сұйық бөлігі – плазманы көп жоғалтады. Қан қызметі мамандарының бақылауымен жүзеге асырылатын донорлық зиянсыз болып табылады. Қан тапсырғаннан кейін донор өзін жақсы көңіл күйде сезінетін болады. ҚАН ДОНОРЫ БОЛУ ҮШІН

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 165-бабына сәйкес  18  жасқа толған, тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, медициналық мақсаттарда қан мен оның компоненттерін тапсыруға (донациялауды жүзеге асыруға) ерікті түрде ниет білдірген кез келген тұлға донор бола алады.

ҚАН ДОНОРЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
  1. Тегін медициналық қарап тексеру және денсаулығы туралы анықтама беру (АИТВ, В және С гепатиттері, сифилис, АлАТ-аланинаминотрансфераздар мен гемоглобин деңгейі, қан тобы мен резус-факторға талдау).
  2. Донация алдында ыстық шай.
  3. Донациядан кейін 0,25 АЕК сомаға ыстық тамақ ішу.
  4. Қан мен оның компоненттерін тапсырған күні орташа жалақының сақталуымен жұмыстан босату немесе орташа айлық жалақының сақталуымен басқа күні демалыс беріледі немесе бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосып беріледі.
  5. Донор болған әскері қызметші қан тапсыру күндері вахта, наряд және әскері қызметтің басқа түрлеріннен босатылады.
  6. Қан тапсыру күндері донор болған студенттер мен оқушылар оқу-тәрбие жұмыстардан босатылады.
Егер сіз донор боламын десеңіз және жоғарыда көрсетілген категория тобына кіретін болсаңыз,  сіздің әрекеттеріңіз келесі:
  • Қан тапсыру медициналық орталықты таңдаңыз
  • Сол орталықта зерттеуден өтіп, нәтижелеріне қарай сізге кеңес беретін дәрігер-трансфузиолог тексерісіннен өтіңіз
  • Қан тапсыруға жазылыңыз
ҚАН ТАПСЫРУҒА (ДОНАЦИЯҒА) ДАЙЫНДЫҚ. ДОНОР ҮШІН ҰСЫНЫСТАР
  • Қан тапсыру алдында кешке және таңертең майлы, етті, өткір және сүтті өнімдерден бас тартыңыз;
  • Қан тапсыру алдында үш күн бұрын аспирин, анальгин және құрамында анальгетиктер бар дәрілерді қолданбаңыз;
  • Қанды түнгі кезекшілік, түнгі жұмыстардан кейін тапсырмағаны дұрыс;
  • Қан тапсыру күні алдында ауыр физикалық жұмыстармен, жаттығулармен айналыспаңыз;
  • Қан донацияға дейін 3 сағат бұрын темекі шекпеңіз және 48 сағат алдын ішімдіктен бас тартыңыз;
  • Тәңертең жеңіл тамақ, тәтті шәй, жеміс шырынды ішуге, нан және тоқаштарды тұтынғаны жөн;
Бір жылдың ішінде қан тапсырудың барынша көп саны:
  • ер адамдарға – 5 рет
  • әйелдерге - 4 рет
  • арасы – 60 күн;
Ескерту! Әйелдерге етек кір күндері, жүктілік және баланы емізу кезінде қанды тапсыруға  рұқсат етілмейді. Етек кір біткеннен 5 күн өткеннен соң, босанғаннан кейін 1 жыл, емізу тоқтатқаннан  3 ай өткеннен кейін тапсыруға болады. Және де, егер  өзіңізді жайсыз сезінсеңіз қанды тапсырмай ақ қойыңыз! Донор болу - қайырымды және пайдалы! Біздің қымбатты донорларға мықты денсаулық, амандық, жетістік және саттілік тілейміз!!!