Статистика бойынша КОВИД жұқтырғаннан кейін көп адамдарда аутоиммундық аурулар ең бірінші орынға шықты деп айтуға болады. Ол туралы көбі айта бастады. Аутоиммундық аурулар несімен қауіпті, оларды қалай білуге және пациентке уақытылы көмек көрсетуге болатыны жөнінде СОВМИНнің ревмотологы Сәуле Бекеновамен сұқбат.
-Бұл, шынымен де, гастрит, неврологиялық проблемалар сияқты, жиі кездесетін ауру емес, бірақ жеткілікті түрде қауіпті. Диагноз қойған кезде адамға стресс болады, өйткені иммундық жүйе біздің ағзамыздың негізі болып табылады. Бұл ауруларда иммунитет төзімділікті жоғалтады және қандай да бір жасушаларды жібермейді және өз-өзін зақымдай бастайды, бұзыла бастайды. Қазір мұндай ауруды ерте кезеңнен анықтауға және емдей бастауға болады, оны диагностикалау қиын, бірақ бас кезінде оны емдеу оңай және жеңіл. Бұл маңызды! Біз, дәрігерлер, иммунитетті көтереміз, уақытылы енгіземіз және дәл солай уақытылы дәрілермен шығып кетуіміз керек, яғни біз иммундық жүйеге жаудың қайда екенін көрсетіп, онымен күресуге көмектесуіміз керек, қазіргі медицинаның жетістіктері мен мақсаты сондай.
- Аутоиммундық аурулардың пайда болу себептері қандай?
- Аурудың себептері – созылмалы, ұзақ уақыттағы стрестер, генетикалық және жыныстық бейімділік, әйелдерде жеткіншек жаста, босанғаннан кейін және климакс кезінде қауіптілік жоғары. Сонымен бірге, Экология, базалық аурулар және вирустық инфекциялар себеп болуы мүмкін.
- Ревматологқа қашан бару керек?
- Ұзақ уақыт температура түспей қойғанда, буын синдромы, қозғалыспен байланысты емес ауырсынулар, талдаулардағы өзгерістер болғанда. Көбінесе адамдар невропатологқа барады, арқасын емдейді, сөйтіп ауруды өткізіп алады. Сондықтан созылып кеткен жайсыздықтың алғашқы белгілерінде-ақ ең болмаса, барып талдауға тапсыру керек.