Біздің ауруханада бірнеше жылдан бері пациенттерді бариатриялық операциядан кейін кешенді оңалту әдістемесі ойдағыдай қолданылып келеді.
Асқазанды кесуді және шунттауды негізінен артық салмағы және қант диабеті бар әйелдерге жасайды, алайда пациенттер арасында ер адамдар да аз емес.
Адамдарды осы операцияға дайындау аса маңызды, одан кейінгі маңызды жағдай - оңалту, себебі олардың асқазан-ішек жолдарының анатомиясы толықтай өзгереді.
Олардың өмір сүру салттары операцияға дейін және кейін болып бөлінеді және мұны операцияға дейін түсініп, өзіне жауапкершілік алу қажет, - деп атап көрсетті дәрігер-гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының кандидаты Исакова Гаухар Бахтановна.
Пациенттер өздерінің дәмдік дағдыларын толық өзгертулері қажет, себебі операция кезінде олардың асқазандары едәуір кішірейеді.
Бариатриялық операциядан кейінгі диета басқа диеталардан өзгеше болатынын ескерген жөн.
Жейтін тамақтың көлемі тым аз мөлшерде, жанама әсер тудырмау үшін алғашқы күндері бір-екі қасық мөлшерінде болады.
Осы себепті біздің командада хирургтармен қатар қосымша эндокринолог, гастроэнтеролог, тіпті психотерапевтер де жұмыс істейді.
Сонымен қатар біз физикалық жүктемені көбейтуді, рационға мультивитаминдер мен ақуыз қоспаларын қосуды ұсынамыз.
Операциядан кейін аса маңызды оңалту кезеңі басталады, оған жаңа тағам дағдылары және «жаңа өзін» қабылдау кіреді, біздің мақсатымыз осындай қиын кезеңде пациентке көмектесу және «жаңаша» өмір сүруді үйрету болып табылады.
Бариатриялық операциялар жүргізген кезеңдерде біздің бөлімшеде пациенттер оң нәтижеге қол жеткізді, яғни олардың өмір сүру сапасы, психологиялық және физикалық жағдайлары жақсарды, ал бұл өте маңызды, нәтижесінде жоғары деңгейге жетті, бұл бізді, дәрігерлерді қуантады!
Диета туралы бірер сөз: операциядан кейінгі кезеңде диета үш кезеңге бөлінеді.
Алғашқы екі аптада тағамды 500 калориядан асырмау қажет, келесі екі аптада 700 калорияға дейін көбейтіп, тек бір айдан кейін 1000 калорияға дейін жеткізген жөн.
Бұл ретте тағам пюре тәрізді езілген болуы тиіс, тамақты асықпай, ұзақ шайнап жеу керек.
- Дұрыс тамақтану қағидаларын барлық адам ұстанған жөн.
Ең бастысы тағам толыққанды, химиялық және термиялық өңдеуден өтуі тиіс.
Ыстық тағам, нәрлі татымды сорпалар, алкоголь және артық тамақ жеу көбіне панкреатит және гастрит сияқты созылмалы аурулардың асқынуын тудырады.
Жиі қуырылған тағам, әсіресе ет жеудің канцерогенді әсері бар және онкологиялық аурулардың дамуына алып келуі мүмкін.
Қазіргідей жылдам дамыған заманда дені сау, әдемі, спортпен айналысу сәнді болуда!
Жаттықтыру залына жазылу үшін көп ақшаның болуы міндетті емес.
Кез-келген аулада жаттығу құралдары, жүгіруге және жаяу жүруге арналған терренкурлар, тегін саналы рухани клубтар, иогалар бар.
Адамдардың дүниетанымы өзгеруде, олардың руханияты мен саналығы артуда, біз –дәрігерлер мұны скринингтен, жоспарлы профилактикалық тексеруден өтетін пациенттер санының артуынан байқаймыз, бұл - тамаша жағдай, - деп қорытындылады гастроэнтеролог.
Дәрігер лайфхак ретінде мыналарды ұсынды:
- Аш күйінде дүкенге бармаңыз.
2.Үйде зиянды тағам ұстамаңыз.
3.Тамақ ішкеннен кейін белгілі бір іспен айналысыңыз.
- Тамақ үстінде оқымаңыз және теледидар немесе ұялы телефонға қарамаңыз.
- Кішкентай ыдыс пайдаланыңыз.
6.Тамақ ішкіңіз келсе тісіңізді тазалаңыз.
- Тұрып тамақ ішпеңіз.
- Лифтіні пайдаланбаңыз, көбірек жаяу жүруге тырысыңыз.
Біздің мамандардан кеңес алыңыздар.