Ай сайынғы айдар: дәстүрлі қазақ медицинасы.
Қымызбен емдеу
Көшпенділер ертеден қымыздың емдік қасиетіне сенген. Оны әр түрлі ауруларды емдеуге, әлсіреген иммунитетті нығайтуға, тіпті адам ағзасын жасартуға пайдаланған. Ол ашытқыны, ацидофилді және болгар сүт қышқылды таяқшаларын қолдану арқылы бие сүтінен ашытылатын ашымал сүтті сұйықтық болып табылады. Өкпе, асқазан-ішек ауруларын емдеуде, әлсіздік болғанда қолданылады.
Қымыз ішудің өз маусымы бар, бұл көктем мен жаз, биенің құлындауына байланысты. Солардың ішінде ең құндысы мамыр айындағы уыз қымыз, оны уыздан жасайды. Маусымдағы сары қымыз, реңі сүйкімді сарғыш болып келеді, ал шілдедегі құнар қымыз өзінің құнарлылығымен бағаланады.
Қымыздың химиялық құрамы сүтті қант (β-лактоза) және ақуыз құрамы (альбумин) бойынша әйелдің емшек сүтінің құрамына аса жақын болады, соның арқасында қымыз сиыр мен ешкі сүтіне қарағанда жеңіл сіңіріледі. Қымызда сиыр сүтіне қарағанда С дәрумені үш есе көп болады.
Емдік тағамда 105°Т дейінгі тұрақты қышқылды орташа қымыз пайдаланылады. Қымыздың антибактериялық және иммунды түзетуші қасиеті инфекциялық, аутоиммундық, онкологиялық ауруларды кешенді емдеуге, сондай-ақ оперативтік араласуға даярлық кезінде жіті респираторлық аурулардың алдын алу мақсатында пайдаланылады.
Қымыз мынадай жағдайларда қолданылады:
- Ас қорыту процестері бұзылған кезде
- Зат алмасу бұзылған кезде
- Ақуыз-энергия жеткіліксіздігі кезінде
- Психоэмоционалдық жүктемелер кезінде
- Қантүзілім қызметі бұзылған кезде
- Созылмалы шаршау синдромы кезінде
Қарсы көрсетілімдері:
- Асқыну сатысындағы асқазан-ішек жолдарының аурулары.
- Жеке көтере алмаушылық.