Басты бетТуберкулез және оның алдын алу

Туберкулез және оның алдын алу

Туберкулез және оның алдын алу

Туберкулез және оның алдын алу   
Жөтелу, түшкіру, сөйлесу немесе қақырықты түкіріну кезінде қоршаған ортаға миллиондаған бактерия ұшып жатады. Олар ауада қалықтап ұшып жүреді, заттарға қонады және олардың бетінде 18 күнге дейін болуы мүмкін, әсіресе жабық әрі нашар желдетілетін орынжайларда болады. Мұндай науқас адам жылына 10-нан 15-ке дейін адамдарға жұқтыруы мүмкін.  Аурудың аса кең таралған түрі өкпе туберкулезі болып табылады, ол 80% дейінгі жағдайларда кездеседі.   
Аурудың белгілері:  
• себепсіз әлсіздік, тез шаршағандық, шаршау,  
• ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық, түнде жаман түс көру,  
• тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, салмақ жоғалту,  
• түнде көп терлеу     
• тоңып қалтырау, ұзақ уақыт бойы (2 аптадан аса) 37-37,5°С шегіндегі шала қызулы  температураның болуы,
• жөтел, басында құрғақ, бірақ ауру үдеген сайын қақырық пайда болады, 
• қан түкіру, ол өкпе туберкулезінің аса соңғы кезеңдеріне тән,
• жөтелген кезде көкірек қуысының ауруы, өкпе қабығының патологиялық үдеріске енуін көрсетеді,  
• ентігу, кейде қатты сезіледі. 
Туберкулездің алдын алу шаралары. 
Бұл қарапайым шаралар   иммунитетті нығайтады және ешқандай шығынды талап етпейді:  
• Түнде толығымен ұйықтау;  
• Жүйелі және үйлесімді тамақтану, рационға міндетті түрде малдың ақуызын енгізумен;  
• Тәулігіне   400 грамнан кем емес жаңа піскен көкөністер мен жеміс-жидек пайдалану;  
• Қимыл белсенділігінің жеткілікті болуы. Темекі тартудан және басқа зиянды әдеттерден бас тарту;  
• Шынығу, сумен емшаралар қолдану;  
• Қажет болған кезде   - дәрумендік препараттарды қабылдау;
• Жеке   гигиенаны және тұрғынжай гигиенасын сақтау   - жиі желдетіп отыру, күнделікті ылғалмен тазалау;   
Алайда ең бастысы   – өз денсаулығына мұқият болу —медициналық қарап-тексеруден жүйелі түрде өтіп тұру. 
Денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!