Басты бетҚант диабеті мектебі: науқастарды дұрыс тамақтануға және жақсы өмір сүруге үйретеміз

Қант диабеті мектебі: науқастарды дұрыс тамақтануға және жақсы өмір сүруге үйретеміз

Қант диабеті мектебі: науқастарды дұрыс тамақтануға және жақсы өмір сүруге үйретеміз

«Қант диабеті мектебі» – бұл диабетпен ауыратын науқастарды оқыту түрі.  Оның негізгі мақсаты – дұрыс тамақтануды үйрену, асқынулардың алдын алу және  белсенді өмір сүру.

Статистика бойынша Қазақстанда жарты миллионнан аса адам қант диабетімен ауырады және бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді. Жыл сайын 2 типті қант диабеті жасарып, тіпті балалар мен жасөспірімдер арасында кездесіп жатыр. 12 -мамырдан бастап ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің ақылы қызметтер бөліміндегі 352 кабинетте күн сайын сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін қант диабеті мектебі жұмыс істейді. Қазақстандық эндокринологтар күн сайын жүзге дейін жаңа науқасты анықтайды. Болжаулар үрей тудғызады. Мұндай қарқынмен 2030 жылға қарай Қазақстанда диабетпен ауыратындардың саны 800-850 мың адамға жетуі мүмкін.

– Өкінішке қарай, көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Дегенмен, уақтылы өткізілетін скринингтердің арқасында диабетті ерте анықтау мүмкіндігі артып келеді. Науқастар уақытында ем қабылдайды, қант диабеті мектептеріне (көптеген емханаларда бар) қатысады, барлық ұсыныстарды орындайды және толыққанды өмір сүреді, – дейді жоғары санатты эндокринолог дәрігер Айгүл Адамбекова. – Маған кеңес алуға Қазақстанның түрлі өңірлерінен науқастар келеді, бірақ көпшілігі диабетпен қалай өмір сүру керектігін білмейді. Ауру туралы сағаттап айтуға болады.  Сондықтан осындай мектеп ашу идеясы пайда болды. Мен қант диабеті мектебін онлайн оқып, сертификат алдым. Пациенттерге түсіндіретін өте маңызды тақырыптар көп. Дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, қантты төмендететін дәрілер, диабетті емдеудегі инсулинотерапия, инсулинді қолдану техникасы, өзін-өзі бақылау, диабеттің асқынулары және олардың алдын алу. Диабет алғаш пайда болғаннан бастап,  науқаста макротамырлық және микротамырлық асқынулар болуы мүмкін.

Ғалымдар қант диабеті көптеген жылдар бойы симптомсыз өтетінін дәлелдеген. Шамамен 10 жыл бойы науқас адам бұл аурудың бар екенін білмеуі мүмкін. Бірақ сол жылдар ішінде ол асқынып, көбінесе жедел миокард инфарктісі немесе инсультпен ауруханаға түседі. Тек тексеруден кейін диабеті бар екенін біледі.

Физикалық белсенділіктің аздығы, артық салмақ, фастфудқа, тәтті сусындарға әуестік қандағы қант деңгейінің жоғарылауына (6 ммоль/л-ден жоғары) әкелуі мүмкін – бұлардың барлығы назардан тыс қалмауы тиіс дабыл белгілері. Ауру тым асқынбай тұрып, дәрігерге тез арада жүгіну қажет.