
Қант диабеті - созылмалы ауру (дата публикации ставить 24.06.2025)
Бұл - кешенді емдеу мен бақылауды талап ететін ауру түрі. «Диабет - ауру емес, бұл адамның өмір салты» деген сөз бар. Яғни, диабет адамның өзіне аса сақтықпен қарауын талап етеді. Негізі , дені сау адам үшін аш қарындағы қандағы глюкоза (қант) деңгейі 3,3-5,5 ммоль/л аралығында болуы тиіс. Ал 2 типті ҚД бар адамдар үшін көрсеткіштер: тамақ алдында қандағы қанттың мөлшері 4 - 7 ммоль/л деңгейде, ал тамақтан соң 90 минут өткенде - 8,5 ммоль/л аспау қажет.Диабет кезінде қандағы қант деңгейін бақылаудағы негізгі талаптардың бірі - бұл физикалық белсенділік. Дене жаттығулары бірінші және екінші типтегідиабеті бар адамдарға өте пайдалы. Ұлттық госпиталь емханасының мобильді бригадасының дәрігері Арайлым Стамқұлова диабеті бар адамдар үшін дене белсенділігінің маңызды екенін айтып, жаттығулардың пайдалы түрлері және оларды дұрыс қолдану жайлы кеңес береді.
Қимыл- қозғалыстың маңыздылығы:
1. Қандағы қант деңгейін бақылау: Тұрақты қимыл қозғалыс жасушалардың инсулинге сезімталдығын жақсартуға көмектеседі, бұл ағзаның глюкозаны неғұрлым тиімді пайдалануына және қандағы қант деңгейін төмендетуіне ықпал етеді.
2. Салмақты төмендету: Орташа деңгейдегі қимыл қозғалыс жүктемесі артық салмақты төмендетуге ықпал етеді, бұл әсіресе 2 түрі диабеті бар адамдар үшін маңызды.
3. Липидті алмасу көрсеткіштерін жақсартады - қан холестеринін және оның фракцияларын төмендетуге ықпал етеді, бұл қан айналымын едәуір жақсартады. Бұл әсіресе қан айналымының бұзылуы - диабеттік ангиопатия кезінде маңызды. Қалыпты ҚД бар науқастарда жалпы холестерин мөлшері 4,5 ммоль/л, ал «нашар» холестеринді < 2,6 ммоль/л төмен ұстау көрсетіледі.
4. Жүрек-қан тамырларының жақсаруы: Белсенді қимыл- қозғалыс жүрек пен қан тамырларын нығайтады. Бұл диабетпен бірге жүретін жүрек-қан тамыры ауруларының қаупін төмендетеді.
5. Көңіл-күйді жақсарту және стрессті төмендету: Тұрақты дене жаттығулары эндорфиндердің - «бақыт гормондарының» бөлінуіне ықпал етеді. Бұл - жалпы көңіл-күйді жақсартуға және күйзелістің деңгейін төмендетуге көмектеседі. Дұрыс таңдалған жаттығулар кешені, тіпті қарапайым ғана жүрудің өзі көңіл- күйді жақсартып, қан қысымын төмендетеді.
Белсенді қимыл -қозғалыс бойынша:
1. Дәрігер кеңесі: Дене шынықтыру сабақтарын бастаудан немесе жаттығулардың жаңа бағдарламасына көшуден бұрын, дене белсенділігінің қауіпсіз деңгейін және белгілі бір шектеулерді анықтау үшін дәрігермен кеңесу қажет.
2. Жаттығулардың түрлерін емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушымен бірге таңдаған жөн. Егер сіздердің емханаларыңызда ондай маман болмаса, өзіңіз үшін ыңғайлы сабақ кестесін жасауға болады. Аэробтық (таз ауада өткізілетін) жаттығулар: Жүру (соның ішінде скандинавиялық), йога, жүзу, велосипед, шаңғы тебу - жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайту үшін тиімді. Аптасына кемінде 150 минут жаттығу жасап, оны 30 минуттан бірнеше күнге бөлуге болады.
Күш салу жаттығулары: Өз салмағымен немесе гантельді, резеңке лентаны, түрлі құралдарды пайдалана отырып жаттығу, бұлшықеттерді нығайтуға және зат алмасуды жақсартуға көмектеседі. Күштік жаттығуларды кемінде аптасына 2-3 рет 20 минуттан орындаған дұрыс. Егер бұл қиын болса, жаттығудың ұзақтығын 15 минутқа дейін азайту керек.
Икемділік және тепе-теңдік: Йога немесе пилатес икемділікті және тепе-теңдікті жақсартуға көмектеседі. Бұл әсіресе құлау және жарақат алмау үшін маңызды.
3. Жүктемені біртіндеп ұлғайту: Жаттығуларды шағын көлемнен бастаңыз, ал қарқыны мен ұзақтығын біртіндеп ұлғайтыңыз.
4. Қант деңгейін бақылау: Жаттығу алдында және жаттығудан кейін қандағы қант деңгейін бақылаңыз. Бұл гипогликемияны болдырмауға көмектеседі және денеңіздің физикалық белсенділікке жауап беретінін көрсетеді.
5. Қолдау және мотивация: Жаттығу үшін серіктес адам табыңыз немесе бір топқа қосылыңыз. Бұл тәртіпті сақтауға және сабақтарды тиімді етуге көмектеседі. Дене қозғалысының белсенділігі - бұл қант диабетімен ауыратын пациенттердің өмірінің маңызды бір бөлігі. Ол өмір сүру сапасын едәуір жақсартады. Ол әсіресе перифериялық тіндердің инсулинге сезімталдығының төмендеуі байқалатын науқастарға қажет. Дене жаттығуларымен тұрақты айналасудың, диетаның және тағайындалған дәрілерді қабылдаудың арқасында қан глюкозасының деңгейін қалпында ұстап, денсаулықты ұзақ жылдар бойы сақтауға болады. Естеріңізде болсын, әрбір адам жеке тұлға, сондықтан дене қимыл- қозғалысының белсенділігіне деген көзқарас та әртүрлі болуы тиіс. Өзіңіздің ағзаңызға назар аударып, дәрігермен кеңесіңіз. Қуаныш пен қанағаттанушылық сезімін сыйлайтын қимыл -қозғалыс түрлерін таңдаңыз -дейді мобильды бригада дәрігері Арайлым Стамқұлова.