Басты бетБіздің ауруханамызда Оңтүстік Кореяның ірі мегаполисі Инчон қаласының Денсаулық сақтау басқармасы...

Біздің ауруханамызда Оңтүстік Кореяның ірі мегаполисі Инчон қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бас директоры Ким Сок Чоль бастаған дәрігерлер комиссиясы келді

Біздің ауруханамызда Оңтүстік Кореяның ірі мегаполисі Инчон қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бас директоры Ким Сок Чоль бастаған дәрігерлер комиссиясы келді

Біздің ауруханамызда Оңтүстік Кореяның ірі мегаполисі Инчон қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бас директоры Ким Сок Чоль бастаған дәрігерлер комиссиясы келді.

Қонақтарға зертхананы, нейрохирургия, кардиология және соматика бөлімшелері көрсетілді. Соңғы бөлімшені Корея дәрігерлері шын таңданыспен аралады, бесжұлдызды қонақ үй сыныпты жоғары деңгейлі емдеумен айналысатын аурухана палаталарын олар бұрын-соңды кездестірмеген-ді.

Делегацияның келу мақсаты – Қазақстанның ертеден келе жатқан көне ауруханасымен аса тығыз кәсіби байланыс орнату, атап айтқанда, бірлескен шеберлік сыныптарын, семинарлар, операциялар өткізу, екі жақты медициналық туризмді дамыту.

Білетініміздей, Оңтүстік Корея медицинасы әлемдегі ең алдыңғы қатарлылардың бірі саналады, әйтсе де, Оңтүстік Корея дәрігерлер комиссиясы Совминнің емдеу деңгейінен зор әсер алды.