Басты бетI терапия бөлімшесі

I терапия бөлімшесі

Казарина Людмила Николаевна
бөлімше меңгерушісінің м.а
жоғары санатты дәрігер-терапевт
м.ғ.к.[/caption]

  • қатты шаршау, демалғанда да басылмайды;
  • күндіз ұйқы басу (әсіресе, тамақ ішкеннен кейін);
  • түнде ұйқысыздық;
  • қатты шөлдеу;
  • үнемі ауыздың кеуіп жүруі;
  • жөтел;
  • ауыр тыныс алу;
  • қақырықтың пайда болуы;
  • бастың ауруы;
  • жоғары қан қысымы;
  • ашуланшақтық;
  • дененің қалтырауы.

Бір қарағанда қазіргі заманғы белсенді өмірге байланысты шаршағандықтың белгілеріне ұқсауы мүмкін. Алайда, жоғарыда аталғандардың барлығы күрделі аурулардың қант диабеті (жер бетіндегі халықтың шамамен 6%-ы ауырады), қалқанша безінің аурулары (таралуы бойынша ұйқы безінің ауруынан кейінгі екінші орында) немесе басқа да терапиялық аурулардың даму белгілері болуы мүмкін. JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес пациенттердің қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ-ның 1-терапия бөлімшесінде білінбейтін ауруларды анықтауға және олардың алдын алуға көмектеседі. Сіздерде Еуропалық профессорлардың телеконсультация алу мүмкіндігі болады. Ауруларды диагностикалау және емдеу әдістері жапон, неміс, америкалық және корей жетекші өндірушілерінің PREMIUM классты жабдығында жүргізіледі. Зерттеулер мен диагностика талдаулардың дұрыстығы мен нәтижесінің жылдамдығы бойынша алдыңғы қатарлы, Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы ең ірі көп бейінді зертханада жасалады. Пациенттер бес жұлдызды қонақүй деңгейіндегі, қажеттінің барлығымен жабдықталған (жеке сан.торап, душ, жайлы төсектер және т.б.), жайлы, бір, екі және үш орынды палаталарға орналастырылады. Барлық пациенттер аурухана стационарында бақылауда болады, оларға стандартты диеталар ғана емес, ақуызды-энергетикалық жеткіліксіздігі бар, операциядан кейінгі, тамақты қабылдамайтын, сондай-ақ жанамалас аурулары бар науқастарға жекелеген тәсілдер пайдаланылады. Бөлімше дәрігерлері алыс және жақын шетелдің үздік клиникаларында (Израиль, Оңтүстік Корея, Германия, Қытай, Ресей) маманданудан өтті және оқытылды. «Жақындарыңызға қамқорлық көрсету үшін махаббат керек, қалғанын дәрігерлерге тапсырыңыз». Бөлімше меңгерушісінің м.а.: Казарина Людмила Николаевна - 35 жылдық жұмыс тәжірибесі бар жоғары санатты дәрігер, 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Бөлімше қызметкерлері: Федькина Наталья Анатольевна - жоғары санатты терапевт.