Басты бетОнкохирургия бөлімшесі

Онкохирургия бөлімшесі

Хорошаш Галия Насибулловна – бөлімше меңгерушісі, дәрігер-онкохиуруг, онкоуролог, жоғары санатты дәрігер-онколог.

Біздің онкохирургия бөлімшесінде дәрігер-онкохиуругтар құрсақ қуысы, ішастар арты кеңістігі, кіші жамбас және көкірек қуысы органдарының қатерлі ісігін операциялық емдеудің түрлі тәсілдерін қолданады.  

Олардың ішінде ең күрделісі асқазан-ішек жолы, бауыр органдарына аралас және кеңейтілген операциялар жасау, ішекті, бүйрек безін, бүйректерді лапароскопиялық кесу, тік ішек ісігі кезіндегі қысқышты сақтаушы операциялар, тік ішек ісігі кезіндегі операциялар, өт өзегіне, ұйқы безіне, бауырға операциялар, парааорталды лимфаденэктомиялар.

Сондай-ақ, дәрігер-онкохиуругтар кіші жамбас органына операциялар жасайды:

  • Жамбас лимфаденэктомиялары;
  • Брикер және Штудер бойынша қуық пластикасымен радикалды цистэктомия;
  • Радикалды простатэктомия, оның ішінде нейросақтаушы.

Онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі:

Хорошаш Галия Насибулловна –  дәрігер-онкохиуруг, онкоуролог, жоғары санатты дәрігер-онколог.

Мюнхен (Германия), Санкт-Гален (Швейцария) қалаларындағы және т.б. Халықаралық Еуропалық конгресстердің қатысушысы.

 «ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен және «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен  наградталған.

Онкохирургия бөлімшесінің дәрігерлері:

Абзалбек Естай Шайхибекұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты хирург, онколог.

60-тан аса ғылыми еңбектің авторы, 10 авторлық өнертабысы бар. Сеул қаласында (Оңтүстік Корея), Шанхай  (Қытай), Стамбул  (Түркия), Нагасаки (Жапония) қалаларында «хирургия» мамандығы бойынша стажировкадан өткен. Әр түрлі конференцияларда және съездерде: Рим қ. (Италия), Ташкент қ. (Өзбекстан), Қазан қ. (Ресей), Лион қ. (Франция) баяндамалар жасаған.

Қазақстанда  алғашқылардың бірі боп асқазан қатерлі ісігі мен өңеш қатерлі ісігі кезінде минималды-инвазивті операциялар жасауды орындап, тәжірибеге енгізді.

Кенесбаев Ержан Маулитбекович – дәрігер-онкохиуруг, онкоуролог, жоғары санатты дәрігер-онколог.

Мамандануы мен біліктілігін көтеруі:

2011 ж. – ҚазОжРҒЗИ  негізінде эндоскопия бойынша мамандану;

2012 ж. – Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты (АМДБЖИ) негізінде онкология бойынша қайта даярлау;

2014 ж. – ҚазОжРҒЗИ  негізінде асқазан-ішек жолы онкологиялық ауруларын диагностикалау және емдеу;

2014 ж. – көкірек қуысы мен құрсақ қуысы эндобейнелапароскопиялық хирургиясы бойынша мамандану (Гургаон қ., Индия);

2017 ж. – Оқу-әдістемелік орталық негізінде асқазан-ішек жолы онкологиялық ауруларын ерте диагностикалау.