Алғаш рет ишемиялық жүрек ауруы бар науқастарға жасанды қанайналымы жағдайында жүрекке ашық оперциялар жасалды. Бұл аутовеналармен (3-4 вена) аортокоронарлық шунттау, жұмыс істеп тұрған жүрекке маммарокоронарлық шунттау.
Операциялар қазіргі заманғы халықаралық стандарт бойынша алыс шетелде жасалған нағыз заманауи аппаратуралармен, инструментарилермен және шығыс материалдарымен жабдықталған операция бөлмесінде жасалады. Науқастарды операциядан кейінгі емдеу және оңалту барлық жағдай жасалған екі орынды палаталарда жүргізіледі. Біздің тәжірибелік қызметіміз мынадай науқастар санатын қамти отырып, төмендегідей операциялар жасайды:
1. «Ишемиялық жүрек ауруы бар науқастар (ИЖА)»; аортокоронаграфия (АКГ); коронарлық артерияларды стенттеу; бір, екі, үш және одан да көп шунттармен аортокоронарлық шунттау; солжақ қарыншаны қайта моделдеу; солжақ қарыншадағы тромбэктомия;
2. Ревматизмдік этиологиясы «жүре пайда болған жүрек кемістігі (ЖЖК)» бар науқастар: протездеу немесе митраль қақпақшасы пластикасы; протездеу немесе қолқа қақпақшасы пластикасы; протездеу немесе трикуспидальды қақпақша аннулопластикасы; бастапқы және екінші реттегі жүрек өскіндерін алып тастау; констрикциялы перикардит кезіндегі перикардэктомия: экссудатты перикардит кезіндегі перикард пункциясы; өрлемелі қолқа аневроизмі кезіндегі операциялар.
3. 15 жастан асқан «туа біткен жүрек кемістігі бар ТЖК)» науқастар: бітпеген артерия түтігін лигирлеу; жүрекшеаралық далда кемістігі пастикасы; қарыншааралық далда кемістігі пластикасы; өкпе артериясы қақпақшасы стенозы кезіндегі ашық комисуротомия; триады Фалло тетрадын радикалды түзету; атриовентрикулялық коммуникацияларды түзету; ауытқушылық дренаждаушы өкпе веналарын радикалды түзету, магистралды тамырлардың екіге бөлінуін радикалды түзету. Бізің мамандар Израйльде, Мәскеуде, Новосибирскіде оқудан өткен және кардиохиругиялық операциялар жасаудан 15 жылдан астам тәжірибесі бар.
Бөлімше дәрігерлері стационарлық науқастарға кардиологиялық көмектің емдік-диагностикалық стандарттарын әзірледі, емхана дәрігерлерімен жұмыс істеу алға қойылып, «кардиолог мектебі» қызметі белсендендірілді. Бөлімше тәжірибесіне дәрілік препараттардың жаңа түрлері үнемі енгізілуде, кардиологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері қолданылуда.
Уақтылы және дәл диагноз қою үшін (тек негізгі ғана емес, ілеспелі диагнозды да) бөлімше дәрігерлері ең заманауи және сапалы деңгейде зерттеудің кең спектрін қолданады: інді доплер-эхокардиография; артериялық қысымды тәуліктік (холтерлік) мониторлау және электрокардиография; велоэргометрия; стресс-эхокардиография; жүректің мультиспиральді компьютерлік томографиясы және коронарлық тамырлардың ангиографиясы; барлық ірі тамырлардың ультрадыбыстық доплерографиясы; зерттеудің зертханалық әдістері (холестерин және оның фракциясы, Апо-В липопротеид, жүрекшелік милық натрийуретрикалық пептид, гомоцистеин, ангиотензин, эндотелин). Бөлімшеде кардиологиялық патологияны емдеу үшін айтарлықтай жайлы жағдай бар. Соңғы жылдары миокард патологиясы маркерлерін анықтай отырып, инфаркт миокарды мен жүрек кемісітігін уақытынан бұрын диагностикалаудың инновациялық әдістемелері енгізілді. Бөлімшеде төмендегідей кардиологиялық ауруларға ем жүргізіледі: әртүрлі түрдегі ИЖА (жіті және созылмалы); миокардит; миокардиодистрофия; кардиомиопатия; артериялық гипертония; нейроциркуляторлы дистония; созылмалы жүрек кемістігі.
Маханов Данияр Индемесович - бөлімше меңгерушісі. Дәрігер-кардиолог.
Бөлімше қызметкерлері: Маханова Балауса Дулатовнаа – дәрігер-кардиолог.
Даулетова Гульмира Смагуловна – дәрігер-кардиолог.
Майдыров Ердан Салаватович - дәрігер-кардиолог.