Басты бет2-терапия: Жалпы терапия

2-терапия: Жалпы терапия

Бөлімше туралы:

Жалпы терапия бөлімі – ішкі ағзалар ауруларын диагностикалауға және консервативті (хирургиялық емес) емдеуге арналған аурухананың көпсалалы стационарлық бөлімшесі.

Терапия бөлімінің дәрігерлері келесі аурулар бойынша маманданған:

  1. Тыныс алу жүйесінің аурулары: пневмония, бронхит, бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (ӨСОА) асқынуы.
  2. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары: артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек ырғағының бұзылыстары.
  3. Асқазан-ішек жолы аурулары: гастрит, асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы, панкреатит, бауыр аурулары.
  4. Бүйрек және несеп шығару жолдарының аурулары: пиелонефрит, цистит, несеп-тас ауруы.
  5. Қан аурулары: анемиялар, қан ұю жүйесінің бұзылыстары.
  6. Дәнекер тін аурулары: ревматизм, артриттер.
  7. Эндокриндік аурулар: қант диабеті, қалқанша безінің аурулары.

 

Бөлімше дәрігерлері:

  • Әдибай Жанат Орынгалиқызы – Бөлімше меңгерушісінің м.а.;
  • Думарнбек Айгерім Қайратқызы – аға ординатор;
  • Махатова Надира Дүйсенбекқызы – терапевт дәрігер.