Басты бетЛОР, Офтальмология

ЛОР, Офтальмология

           Бағыт туралы:


ЛОР және офтальмология бөлімше Ұлттық госпитальдің хирургиялық қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бөлімше офтальмология (көз) және ЛОР (құлақ, тамақ, мұрын) бағыттарын біріктіреді және осы ағзалар ауруларын кешенді емдеуге маманданған. Емдеу консервативті және хирургиялық әдістерді қамтиды. Бөлімше микрохирургия және лазерлік араласуларға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Бөлімшеде дәлдікті, аз жарақаттылықты және жылдам оңалтуды қамтамасыз ететін аз инвазивті және эндоскопиялық технологиялар қолданылатын оталар жүргізіледі. Дәрігерлер заманауи микрохирургиялық және лазерлік технологияларды пайдалана отырып, көз ауруларын хирургиялық жолмен емдейді. Бұл жоғары дәлдік пен тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бөлімшеде түрлі санаттағы, оның ішінде премиум класты интраокулярлық линзалар қолжетімді. Линза науқастың жас ерекшелігіне, қатар жүретін патологиясына және көздің жеке анатомиялық ерекшеліктеріне сәйкес таңдалады. Оталар клиникалық хаттамалар мен стандарттарға сәйкес, заманауи жабдықтар мен материалдарды пайдалана отырып жүргізіледі. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ота жасау мүмкіндігі бар, сондай-ақ пациенттің қалауымен премиум линзалар орнатуға болады.
Оториноларингология бағыты бойынша келесі оталар орындалады: мұрын қуысы қойнауларынан полиптерді, кисталарды, бөгде заттарды эндоскопиялық жолмен алып тастау; аденоидотомия; тонзиллэктомия; септопластика (мұрын қалқасын түзету); функционалдық риносептопластика; шейвер қолдану арқылы эндоскопиялық синусохирургия. 
Сонымен қатар эндоскоп және микроскоп көмегімен естуді жақсартуға бағытталған оталар және ларингологиялық оталар жүргізіледі.

Бағыттың ЛОР-дәрігерлері заманауи ЛОР-жабдықтарын пайдалана отырып, оториноларингологиялық ауруларды диагностикалау, консервативті және хирургиялық емдеу бойынша кең ауқымды медициналық көмек көрсетеді.

Бағыт қызметтері:

  1. Мұрын қалқасының қисаюын түзету операциялары.
  2. Бадамша бездері мен аденоидтарды алып тастау.
  3. Мұрын маңы қойнауларына эндоскопиялық операциялар (эндоскопиялық синус хирургиясы).
  4. Естуді жақсартуға бағытталған операциялар.
  5. Көмейге эндоскопиялық операциялар.
  6. Ультрадыбыстық факоэмульсификация.
  7. Қабаққа реконструктивтік операциялар.
  8. Интраокулярлық линзаларды имплантациялау.
  9. Дакриоцисториностомия.
  10. Амбулаториялық микрохирургия: птеригиум, халязион, жаңа түзілімдерді алып тастау.

Жабдықтар:

  1. «CHAMMED» кеңейтілген ЛОР-комбайны.
  2. «KARL STORZ» операциялық эндоскопиялық жүйесі.
  3. «CARL ZEISS» операциялық микроскопы.
  4. Oertli Faros (Швейцария) микрохирургиялық жүйесі.

 

Бағыт дәрігерлері:

  • Аманғалиев Алмас Бисұлтанұлы – аға дәрігер-офтальмолог;
  • Усманова Әлия Ғанимұратқызы – аға дәрігер-офтальмолог;
  • Куттыбаев Шахмардан Сапарұлы – дәрігер-офтальмолог;
  • Таева Орынгүл Шәкірбекқызы – дәрігер-офтальмолог;
  • Толемисова Гүлнар Жандосқызы – дәрігер-офтальмолог.