Басты бетКлиникалық фармакология бөлімше

Клиникалық фармакология бөлімше

Бөлімшесі туралы:

Клиникалық фармакология бөлімшесі (КФБ) – дәрілік заттарды қауіпсіз, тиімді және ұтымды қолдануды қамтамасыз ететін аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшесішелерінің бірі. Бөлімшесі дәрілік препараттарды тағайындауды бақылауды, олардың жағымсыз әсерлерін талдауды, госпитальдық формулярды (дәрілік заттар тізбесін) қалыптастыруға қатысуды, сондай-ақ дәрігерлер мен пациенттерге фармакотерапия мәселелері бойынша кеңес беруді жүзеге асырады және дәлелді медицина қағидаттарын енгізеді.

Сонымен қатар бөлімшесі дәрілік заттардың қорын басқаруды, олардың сақталуы мен таратылуын бақылауды қамтамасыз етеді және фармакологиялық қадағалауды, яғни дәрілік препараттарға жағымсыз реакцияларды мониторингтеуді жүзеге асырады.

Қызметтің негізгі бағыттары:

1. Консультациялық қызмет және сараптама:

  • Пациенттің жеке ерекшеліктерін (жасы, қатар жүретін аурулары, генетикалық ерекшеліктері) ескере отырып, фармакотерапияны бағалау және түзету.
  • Дәрілік тағайындауларға сараптама жүргізу, әсіресе полипрагмазия (бірнеше дәрілік препараттарды қатар қолдану), терапиялық индексі төмен препараттарды пайдалану, бауыр немесе бүйрек қызметінің бұзылыстары кезінде.
  • Дәрілік препараттарға төзімділік немесе күтпеген жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда мәселелерді шешуге көмек көрсету.

 

2. Дәрілік заттарды басқару:

  • Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы шығыс материалдарына қажеттілікті анықтау және оларды сатып алуды ұйымдастыру.
  • Дәрілік заттардың сақталуын, бөлінуін және ұтымды қолданылуын бақылау.
  • Госпитальдық формулярлық жүйені әзірлеуге және енгізуге қатысу.

 

3. Фармакологиялық қадағалау және қауіпсіздік:

  • Дәрілік препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін мониторингтеу және тіркеу (фармакологиялық қадағалау).
  • Медициналық бұйымдардың қауіпсіз айналымына талдау жүргізу.

 

Бөлімшесі дәрігерлері:

  • Бақыбаев Дидар Жомартұлы – бөлімшесі меңгерушісі;
  • Әбілмәжинова Әлия Амангелдіқызы – клиникалық фармаколог дәрігер;
  • Мұхамбетжан Ләззат Мұхамбетжанқызы – клиникалық фармаколог дәрігер.