Бөлімше туралы:
Сәулелік диагностика бөлімшесі - науқастардың денсаулық жағдайын бағалау үшін жоғары дәлдікті зерттеулер жүргізілетін заманауи диагностикалық құрылымдық бөлімше. Сәулелік диагностика әдістері ауруларды ерте кезеңде анықтауға, диагнозды нақтылауға, емнің тиімділігін бақылауға және жағдай динамикасын қадағалауға мүмкіндік береді.
Бөлімшеде медициналық визуализацияның озық технологиялары қолданылады.
Бөлімше құрылымына келесі кабинеттер кіреді:
- Рентгенодиагностика;
- компьютерлік томография (КТ);
- магниттік-резонанстық томография (МРТ);
- маммография;
- флюорография;
- стоматологиялық панорамалық диагностика.
Зерттеулер заманауи жабдықтарда тәжірибелі дәрігер-рентгенологтар мен білікті медициналық персоналдың бақылауымен жүргізіледі. Диагностиканың барлық кезеңдерінде қауіпсіздікке, сәулелік жүктемені азайтуға және науқастарға жайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылады.
Жыл сайын МРТ, КТ және рентгенологиялық зерттеулерді қоса алғанда 100 000-нан астам зерттеу жүргізіледі.
Бөлімшенің қызметтері:
- Барлық ағзалар мен жүйелердің МРТ зерттеуі контрастпен және контрастсыз;
- Барлық ағзалар мен жүйелердің КТ зерттеуі контрастпен және контрастсыз;
- Онкоскрининг бүкіл дененің МРТ-сы, сүт бездерінің МРТ-сы;
- Рентгенография сүйектерді, буындарды, кеуде қуысы ағзаларын және ішкі ағзаларды зерттеу;
- Рентгеноскопия ағзалардың функционалдық және динамикалық зерттеулері;
- КТ/МРТ зерттеулері (контрастсыз) тәулік бойы, 24/7 режимінде қолжетімді, бұл жоспарлы тексеруден ыңғайлы уақытта өтуге мүмкіндік береді.
Құрал-жабдықтар:
Зерттеулер жүргізу үшін әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи диагностикалық жабдықтары пайдаланылады:
- Компьютерлік томограф GE Revolution EVO (128 тілік), 2021 ж.;
Магниттік-резонанстық томограф GE SIGNA Explorer 1,5Т, 2023 ж.;
Рентген аппараты Roesys:X Twin, 2021 ж.; - Сандық флюорограф ФМцс «Проскан» (Ресей);
- Сандық панорамалық рентген аппараты Ortophos XG (Германия).
Заманауи технологиялар мен кәсіби тәсіл зерттеулердің жоғары дәлдігін қамтамасыз етіп, сәулелік жүктемені барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Бөлімше дәрігерлері:
- Садыков Мағжан Сайынұлы - бөлімше меңгерушісі;
- Абдуева Мадина Махамбетқызы - КТ/МРТ бойынша аға дәрігер;
- Миртаева Асия Калтаевна - КТ/МРТ дәрігер-рентгенологы;
- Кузьменко Светлана Ивановна - КТ/МРТ дәрігер-рентгенологы;
- Тукмарзиева Айгүл Жубановна - КТ/МРТ дәрігер-рентгенологы;
- Абдыкадыров Батырхан Қайсарұлы - КТ/МРТ дәрігер-рентгенологы;
- Тусупбеков Ануар Омарсерікұлы дәрігер-рентгенолог;
- Ли Игорь Сергеевич - дәрігер-рентгенолог;
- Альжанова Жанар Мұратқызы - дәрігер-рентгенолог;
- Сералинолва Алия Бахытқызы - дәрігер-рентгенолог.