Басты бет3-терапия: Гастроэнтерология, Ревматология

3-терапия: Гастроэнтерология, Ревматология

Бөлімше туралы:

Ұлттық Госпитальдің 3-терапия бөлімшесі терапевтік бейіндегі, ас қорыту органдары ауруларымен, тірек-қозғалыс аппараты ауруларымен, дәнекер тіннің жүйелі ауруларымен ауыратын пациенттерді кешенді диагностикалаумен және емдеумен айналысады. Жүргізілген зерттеулер негізінде оңтайлы диетотерапия, дәрі-дәрмектік терапия, физиотерапия, емдеудің республикалық және халықаралық стандарттарына сәйкес емдік дене шынықтыру тағайындалады

 

Қызметтер:

Госпиталь базасында қазіргі заманғы зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін пайдалана отырып, танымал әлемдік өндірушілердің жабдықтарымен кәсіби медициналық қызмет көрсету жүргізіледі:

  • ас қорыту органдарының ультрадыбыстық зерттеулерінің барлық спектрі;
  • ас қорыту органдарының рентгенологиялық зерттеулерінің барлық спектрі;
  • тірек-қимыл аппаратына рентгенологиялық зерттеулердің барлық спектрі (буындар, омыртқа);
  • бейнеэзофагогастрокопия, оның ішінде седациямен;
  • бейнеколоноския, оның ішінде седациямен;
  • асқазан, қалың ішек полиптерінің эндоскопиялық полипэктомиясы;
  • проктологтың ректороманоскопиямен консультациясы;
  • буындардың пункциясы;
  • ас қорыту органдары мен тірек-қозғалыс аппаратын МРТ және КТ зерттеу;
  • халықаралық стандарттарға сәйкес кең ауқымды зертханалық диагностика;
  • зертханалық және аспаптық зерттеулер, терапиялық және хирургиялық бейіндегі ілеспе аурулар бойынша мамандардың консультациялары.

 

Бөлімше дәрігерлері:

  • Орынбасарова Бақтыгүл Қалаубайқызы - бөлімше меңгерушісі, терапевт. жоғары санатты ревматолог, жұмыс өтілі 35 жылдан астам;
  • Әдібай Жанат Орынғалиқызы - жоғары санатты гастроэнтеролог дәрігер, жұмыс өтілі 20 жылдан астам;
  • Оспанбекова Айман Бакбергеновна - жоғары санатты гастроэнтеролог дәрігер, жұмыс өтілі 20 жылдан астам;
  • Сәрсембаева Меруерт Мкратжанқызы - жоғары санатты ревматолог-дәрігер, жұмыс өтілі 15 жылдан астам.