Басты бетДиабет

Диабет

Диабет

  Диабеттік табан деген не, қандағы қант деңгейін және дене салмағының индексін қалай бақылауға болады, диабет кезінде қалай тамақтану және жалпы онымен қалай өмір сүруге болады. Осылар туралы және басқа да мәселелер туралы Алматы ОКА мамандары стационар мен емхана пациенттеріне кезекті Денсаулық мектебі кезінде әңгімелеп берді. Бұл жолы дәріс жаралар түрінде, сүйектердің және тамырлардың зақымдалуы  түрінде  аса кең таралған қант диабетінің асқыну түрі  – диабеттік полинейропатия мәселесіне арналды.

Диабет мәселесі Қазақстан үшін өте өзекті. Бүгінгі таңда ресми түрде есепте 735 мың адам тұр, олардың саны жыл сайын өсуде.

Соңғы 15 жылда мұндай аурулардың саны 3,5 есеге артты. СОВМИН ауруханасының эндокринологтары жақын арада ауырғандарға арнап оқыту дәрісін өткізді, олар бұл созылмалы аурумен өмір сүруге енді ғана үйренуде және әр жаңа ақпарат олар үшін құнды. Тыңдаушыларға диабетпен ауыратындар үшін өте маңызды болып табылатын тамақтану, дененің қолайлы салмағын ұстау және киімді дұрыс кию бойынша ұсыныстар берілді.   Дәріс пациенттер үшін өте пайдалы болды.

Біздің ауруханада диабет мектебінен басқа, «Инсульттің алдын алу» невролог мектебі, «Артериялық гипертензия және ЖИА» кардиолог мектебі,  СИеА (созылмалы инфекциялық емес аурулар) қаупі факторларының алдын алу мектебі және «Әйел денсаулығы» гинеколог мектебі жұмыс істейді. Алда маңызды аурулар бойынша жаңа семинарлар мен тренингтер күтіп тұр.