Бүгін еліміздің Президентін сайлау күні, Қазақстанның барша халқымен бірге ” ОКА” АҚ пациенттері де дауыс берді. Аурухана аумағында N 112 сайлау учаскесі ашылды. Алғашқы дауыс берушілер өздерінің азаматтық борышын өтеу үшін сайлау учаскесі ашылғанға дейін сағат 7.00-де келді. Денсаулығы жағдайына байланысты келе алмайтын пациенттерге, барлық қажетті шараларды сақтай отырып сайлау жәшігін алып келеді. Еліміздің әрбір азаматы өз таңдауын жасау үшін барлығы 10033 сайлау учаскесі ашылды.