Басты бетСОВМИН АУРУХАНАСЫНА АМЕРИКАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ОРТА АЗИЯ АЙМАҒЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ...

СОВМИН АУРУХАНАСЫНА АМЕРИКАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ОРТА АЗИЯ АЙМАҒЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ КЕВИН ФРИК КЕЛДІ

СОВМИН АУРУХАНАСЫНА АМЕРИКАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ОРТА АЗИЯ АЙМАҒЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ КЕВИН ФРИК КЕЛДІ

СОВМИН АУРУХАНАСЫНА АМЕРИКАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ОРТА АЗИЯ АЙМАҒЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ КЕВИН ФРИК КЕЛДІ

Америкалық Кардиологиялық Қауымдастық – жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресетін әлемдегі ең ірі мемлекеттік емес ұйымдардың бірі. Жақында Қауымдастық жүрек ауруларымен тиімді күресу үшін ДДҰ-мен меморандумға қол қойды. Статистикаға сүйенсек, жылына 17 млн адам жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттан қайтыс болады. Ал 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш жылына 23 миллионға дейін өсуі мүмкін дейді мамандар. Сондықтан бұл саладағы емдеу өзекті болып қала береді.
Кевин Фрик өкілі болып табылатын Америкалық Кардиологиялық Қауымдастық 1930 жылдан бері аурудың алдын алу және алғашқы көмек көрсету бойынша халыққа білім беру бағдарламаларын жүргізіп келеді. Еңбек өтілін жедел жәрдем және әскери дәрігер ретінде бастаған Кевин Фрик Орталық клиникалық аурухана ұжымына өз орталығы жүргізіп келе жатқан білім беру курстарының өзекті тақырыптарын таныстырды. Нақтыласақ, «ЖӨР және САД алғашқы көмек», «Базалық реанимация», «Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы», «Жаңа туған нәрестелер реанимациясы» «Жарақаттану кезіндегі госпитальға дейінгі адам өмірін демеу жүйесі», «Жүргізушілерді даярлау» және «Дүлей апаттар және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету».
Сондай-ақ дәрігер аурухананың инфо-турына қатысып, реанимация, жедел жәрдем және қабылдау бөлімшелеріне назарын қойды.
«Мен 20 жылдан бері Қазақстанда тұрып келемін. Сол уақыттан бері әр келген сайын осы аурухананың өзіндік тәртібіне, сапасына, жоғары деңгейіне сүйсінуді тоқтатқан емеспін. Алдағы уақытта да ынтымақтастығымыз жалғасып, арта түседі деп сенемін. Себебі біздің сертификаттарымыз 93 елде мойындалған, – деп сөзін қорытындылады Кевин Фрик.