Дәрігерлердің құқықтары
СОВМИН қызметкерлері «Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау, практикалық ұсынымдар» атты жиынға қатысты. Жиынды «AQNIET» денсаулық сақтау кәсіподағы ұйымдастырды. Кездесуге біздің дәрігерлермен қатар Алматы қаласы мен облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, заңгерлер, аудиторлар, құқықтанушылар, дәрігерлер және медициналық қоғамдастықтың тәуелсіз консалтингі директоры Дәурен Нурсапанов қатысты.
Соңғы уақытта дәрігерлерге орынсыз тіл тигізу, шабуыл жасау, тіпті өлтіруге дейін баратын жағымсыз үрдіс қалыптасты. Жиында дәл осы жағдайлар бойынша нақты кейстер қаралды және медицина қызметкерлерін негізсіз шабуыл жасаудан тиімді қорғау бойынша ұсынымдар берілді.
Соттың медициналық істі қарауы күрделі санатқа жатады, себебі оған қосымша сараптамалар, консультациялар талап етіледі, әрбір деталь маңызды, деп атап көрсетті «ОКА» АҚ заң бөлімінің басшысы Айгүл Қонаева, сонымен қатар дәрігерлердің жұмысының көптігіне байланысты дауласуға уақыттары бола бермейді және құқықтарын да біле бермейді. Кездесуде медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауда не істеу керектігі, дәрігерлердің мәртебесін қалай арттыру, пациенттермен қалай дұрыс қарым қатынас жасай білу бойынша нақты ұсынымдар берілді.
Жиыннан кейін ұйымдастырушылар бірден СОВМИН ауруханасының ұжымымен кездесу өткізді, онда жанжалдарды, делдалдарды сотқа дейін реттеу, талап арыздарды беру ережелері, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтары және т.б. туралы айтылды. Кездесу аяқталарда тұрақты негізде ынтымақтастық жасауға және медицина қызметкерлерінің құқықтарын бірлесіп қорғауға шешім қабылданды.