ЛОР ОПЕРАЦИЯЛАР
Біздің ауруханамыздың Отоларингология бөлімшесінде мұрын, құлақ және тамаққа функционалдық хирургия қызметтері көрсетіледі.
Бөлімшеде науқастардың жайлы орналасуына қажетті барлық жабдықтар бар. Сонымен қатар 4 жұлдызды қонақүй деңгейіндегі ыңғайлы екі, үш орындық палаталар қарастырылған.
Стационарға емдеуге жатқызу екі түрлі тәсілмен жүргізіледі. Ақылы негізде және портал бойынша «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі» шеңберінде.
Операциялар тізбесі:
• мұрын далдасына, мұрын қуысына және оның қосалқыларына жасалатын операциялар (F. E. S. S.);
• кисталарды, түймешіктерді (полип), қатерсіз өспелерді алып тастау бойынша операциялар;
• көмей-жұтқыншаққа жасалатын операциялар: тонзиллэктомия, көмей-жұтқыншақтың қатерсіз өспелері (эндоскопиялық әдіспен);
• есту қабілетін жақсарту бойынша операциялар (тимпанопластика).
Пациенттердің мұрын патологиясын емдеуде дәкеден жасалған тампондар қолданылмайды. Операциялар емдеуге жатқызылған күні жасалады. Тыныс алу операциясынан кейін бірден қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ол пациенттің стационарда 2 тәулік қана болуына ықпал етеді.
Өткен жылы осындай 116 операция жасалды. Қазіргі таңда емделіп шыққан пациенттердің жағдайы өте жақсы.
Бөлімше дәрігерлеріне келетін болсақ, кәсіби біліктіліктерін тұрақты түрде арттырып жүрген жоғары дәрежелі және сертификатталған мамандар. Олар отоларингологиялық ауруларды емдеу саласында әлемдік жаңа тәсілдерді қолданады. Ал бөлімшенің қамқор қызметкерлері пациенттің тезірек жазылуына қолайлы жағдай жасайды.