Басты бетТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІ

ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІ

ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІ

СОВМИН ауруханасында алғашқы Ардагерлер кеңесі өткізілді. Оның құрамына аурухананың бұрынғы қызметкерлері енгізілді. Кеңесті медицина ғылымдарының докторы Валерий Бенберин басқарды, ол ОКА-да 19 жыл еңбек еткен, сосын ҚР ПІБ МОА басқарған.
- СОВМИН ауруханасының тағлымы мол өз тарихы бар, ол болашақта да, қазіргі кезде де жұмысты босаңсытуға жол бермейді. Бұл аурухана Президент Іс басқармасының медициналық қызметінің ғана емес, Қазақстанның бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына жол салған, - деп атап өтті Валерий Васильевич.
ОКА қазіргі басшысы Асхат Бралов қонақтарға аурухананың қазіргі тынысы туралы, оның орынбасарлары Жанар Кусымжанова бүкіл 94 жыл ішіндегі дамудың маңызды межелерін бағындыру жолдары туралы, ал Данияр Аманғалиев болса, жақын аралықта аурухананың болашағы қандай болатыны туралы өз көзқарасымен бөлісті. Басшысы Тәлімгерлер кеңесі деп атауды ұсынған жаңа кеңес ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етеді, қажетті консультациялар жүргізеді, ұсыныстар береді, ОКА-ға қолдау, оның ішінде әлеуметтік желілерде және БАҚ-та, көрсетеді, жас дәрігерлердің біліктілік деңгейін көтеруде және Қазақстанның ең көне ауруханаларының бірі ретінде аурухана дәстүрлерін сақтауда маңызды роль атқарады. Кеңестің әр мүшесі ОКА-ға көп жылғы еңбегін арнаған, әрі ол ауыр жылдар еді, олардың жинаған мол тәжірибесіне баға жетпейді деуге болады, олар алғашқы мәжілісте өздерінің идеяларымен, ұсыныстарымен ерекше ықыласпен бөлісті. Әрқайсысы СОВМИН ауруханасы туралы қандай да бір жақсы кездерді еске алысты, олар қазіргі қызметкерлердің есінде сақталуы және оларды құрмет тұтуы жүректі қуанышқа бөледі, осындай тәлімгерлердің кеңесін, әрине, қуана-қуана қабылдайды.