Басты бет2023 жылдың 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің 75 жылдығын атап өтеді

2023 жылдың 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің 75 жылдығын атап өтеді

2023 жылдың 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің 75 жылдығын атап өтеді

2023 жылдың 7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің 75 жылдығын атап өтеді.
2023 жылы мереке «Баршаға денсаулық!» ұранымен өткізіледі.
Бұл ұранның бекітілген негізгі мақсаты – жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. Соңғы жылдардың оқиғаларына байланысты денсаулықты сақтау және ауруларды алдын-алу бүгін өте өзекті болып табылады.
Мүмкіндігінше ұзақ уақыт сау болу үшін ДДҰ ұсынады:
• Белсенді өмір салтын ұстану. Көп отырумен байланысты еібек ету түрі, жұмыс күні аяқталғанда орташа физикалық белсенділікпен қамтамасыз етілуі керек;
• Дұрыс тамақтану. Рационда көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар, майы аз болатын ет, балық, жаңғақтар, кептірілген жемістер болуы керек. Тамақты бумен пісірген жөн, бұқтыруды, пісіруді қолданыңыз;
• Тұз, қант, май қабылдауды шектеу өте маңызды;
• Ішетін судың көлемін қадағалау -күніне кемінде 1,5-2 литр қабылдау жөн. Бұл барлық мүшелердің қалыпты жұмысына ықпал етеді;
• Стресстік жағдайлардан аулақ болу, өзіңізді және жақындарыңызды психоэмоционалды шамадан тыс жүктемелерден қорғау;
• Ұйқының жеткілікті болуы, кем дегенде 7-8 сағат сау түнгі ұйқы дененің толық қалпына келуіне ықпал етеді;
• Еңбек және демалыс тәртібін сақтау;
• Зиянды әдеттерден бас тарту, ең алдымен - темекі шегуден, психотроптық заттарды қолданудан және алкогольді асыра пайдаланудан бас тарту.