Басты бетҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ
2023 жылғы 28-30 наурыз аралығында Ақмола облысына іссапар жоспарланып отыр. Бұған дейін Медицина орталығының делегациясы Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласында болып қайтты. Сапардың басты мақсаты - ауруларды алдын алуда диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу және заманауи әдістерімен бөлісу, сондай-ақ Ақмола облысының медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.
Делегацияның құрамында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары, оның ішінде нейрохирургтер, кардиохирургтер, аритмологтар, онкохирургтер және т.б. мамандар бар. Олар өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтар, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасайды. 
Сондай-ақ, сапар барысында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы және Ақмола облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы жоспарланып отыр.