Басты бетНаурыз құтты болсын!

Наурыз құтты болсын!

Наурыз құтты болсын!

Қазақ халқының бір де бір мерекесі дастархансыз болмайтыны ақиқат. Әсіресе, көктемгі күн мен түннің теңелу мейрамы – Наурызда дастархан жайылып, ерекше тойланатыны  айтпаса да түсінікті. Әдетте мерекелік дастарханның мәзірінде наурызкөже, бесбармақ, палау, бауырсақ қойылады.   
Осындай отырыстардан кейін көп тамақ жеудің қандай зиянды жақтары болатынын, оны болдырмау жолдарын дәрігер -гастроэнтеролог Лаззат Казанбаева әңгімелеп берді:
- Мысалы,  ет тағамдары аз-аздан түс кезінде желінгені дұрыс. Ал енді кешкі уақытта мұндай тағамдардан бас тартыңыз, өйткені кешкі тамақты ағзамыз нашар  қорытады. Осындай қарапайым ережені сақтасақ, ас қорытудағы қолайсыздықты болдырмауға, денсаулығымызға еш зиян келмеуге болады.
-Ал егер көп тамақ жегеннен өзін жайсыз сезінсе, не істеуге болады?  
- Ондай жағдайда астың қорытылуын жеделдететін ферменттер ішуге болады. Олар адам төзгісіз қолайсыздықтардан арылуға көмектеседі және қолайсыздықтарды жеңілдетеді. Сонымен бірге мерекелік дастарханнан кейін бір аптадай уақыт бойы қарапайым ғана тамақтануды ұсынар едім, мысалы, сұлы жармасының ботқасымен, күріш ботқасымен, жаңа піскен көкөніспен өсімдік майын қосып жасаған салат, майсыз сорпамен тамақтану.  
Ең бастысы, дұрыс  тамақтана білу өзіңді жақсы сезінудің дұрыс жолы екенін есте ұстауымыз керек!
Наурыз құтты болсын!