
Совмин ауруханасындағы сайлау учаскесі таңертеңгі сағат жетіден басталды. Қала тұрғындары дауыс беруге таңертеңнен ерте келді. Бірінші болып келгендердің қатарында КСРО халық әртісі, отандық кино және театр өнерінің майталманы Асанәлі Әшімов болды. Ол әрдайым өзінің азаматтық белсенділігін көрсетеді. Асанәлі Әшімов бұл сайлауды «ең айқын да демократиялық сайлаулардың бірі» деп атады.
- Көптеген жастардың саясатқа келуі мені қуантады, мен оларға және олардың ел өмірін жақсы жағына қарай өзгертетініне сенемін. Өзім әрдайым халық әртісі болғандықтан, халықпен біргемін, қазір елімізде болып жатқан өзгерістердің бәрі маған ұнайды, - деді актер.