Басты бетБіздің аурухананың онкохирургтары 64 жастағы әйелге 8 сағатқа созылған тоқ ішектің перфорациясына...

Біздің аурухананың онкохирургтары 64 жастағы әйелге 8 сағатқа созылған тоқ ішектің перфорациясына операция жасады

Біздің аурухананың онкохирургтары 64 жастағы әйелге 8 сағатқа созылған тоқ ішектің перфорациясына операция жасады

Біздің аурухананың онкохирургтары 64 жастағы әйелге 8 сағатқа созылған тоқ ішектің перфорациясына операция жасады. Бұл араласу барысында ішектің аузы жабылып (жасанды айналшық), ішек қызметі қалпына келтіріледі.
Жарты жыл бұрын Алматы облыстық ауруханасында пациентке «Жедел іш ауруы» салдарынан колостомия жүргізілді; оның тоқ ішек қабырғалары зақымданып іш қуысына түскен, алайда операциядан кейін перитонит белгілері басталып, сигма тәрізді көптеген бүйірқалта пайда болған. Пациенттің ішінде ірің жиналып,  іштің бүріп ауруына алып келді. 
Орталық клиникалық аурухана дәрігерлері ішекті тігіп, арнайы тігетін аппараттың көмегімен және қолмен тоқ ішекті тік ішекпен біріктірді. Операцияны пациенттің қосарлы аурулары да қиындатып, дәрігерлерге пациентті операцияға ұзақ дайындауға, біріктірілетін жердің саңылаусыздығын бағалауға, тыртықтар мен қосылған жерлерді айналып өтуге тура келді. 

Операция сәтті аяқталып, пациент қазір үй жағдайында ем алуда. Аурухана  гастроэнтерологтары пациентке операциядан кейінгі кезеңде бірқатар ұсыныстар берді.