Жатыр мойыны обырының профилактикасы
Онкология саласындағы медициналық статистика жыл сайын өсіп келеді.
Жатыр мойыны обырының басты себебі - адам папилломасының вирусы (АПВ).
Жатыр мойыны обырының пайда болу факторлары:
• жыныстық қатынастың ерте басталуы (16 жасқа дейін);
• әйелдердің де, ерлердің де сексуалды серіктесін жиі ауыстыруы, бұл жағдайда ауру 4 есе артады;
• жатыр мойынының жарақаттары, аборттар;
• фондық (обыр алды) аурулардың болуы: полиптер, жатыр мойыны эрозиясы;
• темекі шегу (никотинді шайыр цервикалды арнада жиналады және канцерогенді фактор болып табылады);
• ішімдік ішу;
• дұрыс тамақтанбау (семіздік, А, Е дәрімендердің, фолий қышқылының жетіспеушілігі).
Жатыр мойыны обыры алдын алуға болатын аурулар санатына жатады. Ауруды азайтуға қатысты жетекші профилактикалық шаралар – скрининг және АПВ-ға қарсы вакцинация болып табылады.
Обыр алды және ерте сатыдағы обыры бар пациенттерді анықтау кезінде аса жоғары нәтижелер диагностикада кешенді тәсіл береді:
• дәстүрлі орындау немесе сұйықты цитология түрінде жыл сайынғы цитологиялық скрининг;
• кеңейтілген нұсқадағы кольпоскопия;
• цервикальды арнадан алынған жағындыдағы АПВ спектін анықтау.