Басты бетҚауіпті операциялардан қорқудың қажеті жоқ

Қауіпті операциялардан қорқудың қажеті жоқ

Қауіпті операциялардан қорқудың қажеті жоқ

Қауіпті операциялардан қорқудың қажеті жоқ.
Бүгін ең тәжірибелі дәрігер, онколог, отыз жылдық тәжірибесі бар маммолог Рабаджан Зайнидинов туралы айтқымыз келеді. СОВМИН ауруханасының хирургиялық қызмет бөлімшесінде сүт безін, қалқанша безі мен сілекей безін алып тастау бойынша операцияны тек Рабаджан Зайнидинов жасайды.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйінсек, әлемдегі барлық әйелдердің үштен бірінде сүт безінің әр түрлі аурулары диагностикаланады және оның емдеу жолының бірі - хирургиялық тәсіл. Қазіргі кезде бұл операция оңай түрде жасалады. Мысалы, сүт безінің секторалдық резекциясы - безді ұлпаның сау бөлігіне зақым келтірілмей ісікті алып тастауды білдіреді. Әйел қауымы үшін бұндай операция косметикалық және ең бастысы психологиялық тұрғыдан өте маңызды.
- СОВМИН ауруханасында біз диагнозына қарай толық модификацияланған мастэктомияны да жүргіземіз — бұл операция сүт безінің ісігін алып тастау кезінде ұсынылады және қауіпті ісікті хирургиялық емдеу кезінде қолданылатын алтын стандарты.
Дәстүрлі әдіс мастэктомиядан айырмашылығы: аз жарақаттайды , эстетикалық және функционалдық тұрғыдан аса қолайлы және қауіпті – операциядан кейін ағза қалпына тез келеді.
Бұдан басқа, дәрігер ісік кезінде қалқанша безін толық немесе ішінара алып тастауды көздейтін тиреоидэктомияны да жасайды. Мұндай операцияларды ол эндокринологтармен бірігіп жасайды. Сондай-ақ, бөлімшеде сілекей безін кесіп алып тастауды да жүргізеді. Бұл операцияны жасаудың көрсеткіші 95% жағдайда қатерсіз ісіктер болып табылады, 5%-ында жылауық немесе іріңдік болуы мүмкін. Сонымен бірге бұл операцияның мақсаты - зақымдалған бөлікті алып тастау, ісіктердің өсуінің алдын алу және бұрынғы функцияларын қалпына келтіру. Демек, қазіргі медицинада бұрын қауіпті болған операциялар қазір аса қорқыныш тудырмайды. Ең бастысы, дәрігерге дер кезінде көмекке жүгіну қажет, бұл үшін өз денсаулығыңызды бақылап жүру, скринингтерден өту және ағзаңыздағы барлық өзгерістерді мұқият қадағалау аса маңызды болмақ.