Басты бетСОВМИН АУРУХАНАСЫНДА ӨТКЕН ДУМАНДЫ НАУРЫЗ

СОВМИН АУРУХАНАСЫНДА ӨТКЕН ДУМАНДЫ НАУРЫЗ

СОВМИН АУРУХАНАСЫНДА ӨТКЕН ДУМАНДЫ НАУРЫЗ

СОВМИН ауруханасында бірден үш мереке тойланды – Ораза айтының аяқталуы, Наурыз мейрамы және бірінші мамыр  Қазақстан халықтарының достығы мерекесі атап өтілді. Бөлімшелер бірігіп, қазақ, белорус, еврей, корей және  әзібайжан ұлттарының салт-дәстүрлерін көрсетті, қай бөлімше қай ұлтты көрсететіні  кездейсоқ  анықталды. Командалар мерекелік дастархан жайды, халықтар тарихынан сыр шертті, би билеп, ән айтып, өнер көрсетті, белорус командасы тіпті бейбітшілік құсы - көгершінді  аспанға ұшырды. 

Командалардың  даярлығының  кәсіби деңгейде болғаны соншалық ,құрамына ОКА басшылары енген қазылар алқасы шын көңілден таңдау жасай алмай қиналды. Костюмдерін прокатқа алғандары бар, өздері тіккендері бар, аксессуарларын бүкіл қаладан жинады десе болады, Қазақстан халықтарының диаспораларына, тіпті синагогаға  көмек сұрап барды. Нәтижесінде ... СОВМИН жеңіп шықты, барлық командалар грамоталарға ие болды.  
Сүйікті дәрігерлерін құттықтауға осында тіркелген Қазақстан халық әртісі Роза Рымбаева және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурлан Абдуллин өнерлерін тарту ете келді.  

-Дәрігерлерге арнап ән шырқау - менің қолымнан келетіні сол ғана, медиктерге еңбектері үшін алғысымды білдіремін. Алғыс айту – менің өмірімнің негізі, әрқашан маған бұйырған нығметтер   үшін ризашылығымды білдіремін, өйткені бәрі күні бұрын алдын ала белгіленіп қояды. Мен әрдайым  табысқа жетемін,   өйткені  үнемі алғысты сезінемін, сенемін, жақсы көремін және үміттенемін, - деп өз ойымен бөлісті  Нурлан Абдуллин.

- Мен сахнада елу жылға жуық уақыт ән айтып келемін және бір жағынан бұл дәрігерлердің арқасы. Мен оларға мені емдеп, бақылауда ұстағандары үшін, тексеруден өткізіп, босап тұрған бұрандаларымды бұрап, қалпына келтіріп беретіндері үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. 

Сондықтан мен мұнда дәрігерлерге ән шырқап беру үшін қуана келемін, мен мұны оларға шын жүрегіммен жасаймын, - деп Роза Рымбаева көрермендермен өз сезімімен бөлісті.