ҚР ПІБ Медициналық орталығының ОКА-да курьерлік қызмет түрі бар. Бұл қызмет қашықтықтан жұмыс істеуге көшкен пандемиядан кейінгі жылдары жиі қолданылды. Курьерлік қызмет пациенттерге көмектеседі, олардың қажеттілігін қамтамасыз етеді, науқастарды операция бөлмесіне немесе емшара кабинеттеріне алып барады және ең бастысы медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді. Курьерлерге қойылатын басты талап – жинақылық, жылдамдылық, жұмыс істеуге қабілеттілік, жылдам бейімделу, шыдамдылық, орындаушылық, тіл табысу, ұқыптылық. Сонымен қатар бұл медициналық ұйым болғандықтан, әрқайсысы арнайы оқытудан өтеді.
Ернұр Алтай – үздік курьерлердің бірі. Ол мұнай-газ факультетінің студенті, мамандығы бойынша әлі бір жақты шешім қабылдамаған, әзірге өзін медицина саласында сынап көруде.
– Маған СОВМИН-де курьер қызметінде жұмыс істеген қызықты, әрі көмекке мұқтаж адамдарға пайдамды тигізе аламын. Бұл қызметке кіріспес бұрын, арнайы курстан өттім – деп айтып берді Ернұр. Ауруханадағы жұмысымның басты мақсаты пациенттермен тіл табысу, сыпайлылық, көмектесу. Қызметімді адал орындап, біраз тәжірибе алудамын. Бір сөзбен айтқанда өзіме өзім ризамын. Бүгінде курьерлік қызметте бірнеше қызметкер жұмыс істейді, жоба өзін өзі ақтап отыр.