Мейірбикелер мейрамы қарсаңында жүрек-қантамыр хирургиясы орталығының және гинекология бөлімшесінің жетекші мейірбикесі- Қатира Жанұзақованың -өмірбаяны жайлы сөз қозғағымыз келіп отыр. Басты кейіпкерімізді жақындары мен әріптестері Катируша деп атайды және оған себеп те баршылық. Ол – ең бауырмал және елгезек мейірбике. Өзінің 37 жылдық мансабының көп бөлігін балаларға арнаған, балалар реанимациясында және балалар бақшасында, педиатр учаскесінде қызмет атқарған.
-Ең алғашқы күндерден бастап мен реанимацияның ең күрделі бөлімінде жұмыс істедім, онда ауыр науқасқа шалдыққан балалар жататын, сондықтан мұндай практикадан кейін ересектермен жұмыс істеу қиындыққа түспейді. Ересектер бөлімшесінде алғашқы кезде маған, ерсі көрінсе де айтайын, бұрын өзім үйренген баланың жылағаны, арасында болып тұратын танадай тыныштық жетіспеді, балалармен жұмыс істеу өте күрделі екені белгілі, олар бәрін айта алмайды, түсіндіріп жеткізе алмайды, оларды қорқыныш- үрей билейді, сондықтан оларға барынша сезімтал әрі кәсіби болу керек. Менің есімнен шешесінің қасына жағатын бояуды жұтып қойған ер бала әлі күнге дейін кетпейді, реанимацияда бірнеше рет өз-өзіне келді, бірақ ақырында ғайып болды. Ұзақ уақыт бойы ойымнан кетпей жүрді, «неге бұлай болды, неге мұндай әділетсіздік» деп ойталқыға салып, түсінуге тырысып бақтым. Өкінішке орай, біз өлімнің алдында дәрменсізбіз.
Мейірбикеде болуы тиісті басты қасиеттер – , Қатира Жанұзақованың ойынша, бауырмалдық, сезімталдық және өз жұмысына деген құштарлық. Науқастарға сауығып кету үшін медициналық қызметкерге сенуге, жағымды ойда болуға, ал аналарға балалармен көбірек байланыста болуына кеңес береді, бала ауырып жатқан кезде анасының денесімен жанасуы жазылып кетуіне үлкен көмек болады.
– Мен өз жұмысымды өте жақсы көремін, сондықтан да ең қиын кездерде де жұмысымды тастап кетпедім. Мен мейірбике болып бастағанда біз бәрін қайнататынбыз, шприцтен бастап системаға дейін, жай қолғап та болмады, денсаулыққа зиян хлораминді пайдаландық, өйткені басқа дезинфекциялау құралы болмады. Ал қазір жұмыс істеу- рахат, медицинаның дамуы біздің жұмысымызды едәуір жеңілдетті, жыл өткен сайын адамдарға көмектесудің ыңғайлы да оңтайлы жолдары мен технологиялары дамып келеді.
Қатира Жанұзақованың айтуынша бала кезінен дәрігер болуды армандаған, бірақ дәрігерге көмекші болу бақыты ғана бұйыртыпты. Бірақ оның арманын қазір терапевт болып істеп жүрген қызы орындады деуге болады.