Совминде ТЖМ қызметкерлері мен өртке қарсы техникасы тартылған жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды.
Аурухана қызметкерлері өрт кезінде дұрыс әрекет ету машықтарын жаттықтыруы үшін мұндай шара жыл сайын өткізіледі.
ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасында өрт қауіпсіздігі үшін жауап беретін қызметкеріміз жай ғана кәсіби өрт сөндіруші емес, ерлігімен көзге түскен азамат екенін атап өту керек.
👨🏼🚒Есхат Тойбаев ТЖМ жүйесінде аға лейтенант лауазымында еңбек еткен кезінде ондаған адамның өмірін аман алып қалған. Әріптесіміз кезінде Алматыдағы «Ялян» базарында, «Жетісу», «Рахат» қонақүйлерінде, «Юбилейный» гастрономында шыққан өртті ауыздықтауға қатысқан. Сондықтан Совминдегі өрт қауіпсіздігі мәселесіне қатысты ұстанымдар мен талаптар аса қатал.