
Совмин зертханасы ISO қазақстандық стандарттары бойынша кезекті сертификаттаудан өтті
Мұндай аккредиттеуден елдегі зертханалардың барлығы бес жыл сайын өтіп отыруға тиіс. Бұл аса маңызды процесс барысында пациенттің зертханаға кірген сәтінен бастап, нәтижесін қолына алғанға дейінгі қадамдары егжей-тегжейлі ескеріледі. Құжаттың негізінде зертхана Қазақстанда қабылданған халықаралық талаптарды сақтап отырғандығы расталады.