Басты бетЛОР дәрігерге қай кезде көріну керек?

ЛОР дәрігерге қай кезде көріну керек?

ЛОР дәрігерге қай кезде көріну керек?

ЛОР дәрігерге қай кезде көріну керек?

Есту қабілеті нашарласа: егер есту қабілетіңіз нашарлап, мүкістік пайда болса, немесе құлақта шу тұрғандай, бітелгендей сезім туса, ЛОР дәрігерге барған абзал.

Құлақ шаншыса: құлақ іші ауырып, жаншыған сезім пайда болса, бұл әлдебір инфекцияның, қабынудың немесе басқа да пролеманың белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда медициналық көмек міндетті түрде қажет.

Мұрын мен тамақ ауруы: тамағыңыз жиі ауырса, мұрынмен дем алу қиындап, бітеле берсе, тамағыңыз қатты тітіркеніп, басыңыз да ауыра берсе, демек ЛОР дәрігерге көрінетін себеп бар.

Жұтыну ауырласа: өңеш бітелгендей сезім туса, жұтыну қиынға соқса тез арада ЛОР дәрігер кеңесіне жүгініңіз.

Дауысыңыз өзгерсе: дауысыңыз қырылдап, тембрі өзгерсе, сөйлегенде ауырсыну білінсе, ЛОР дәрігер дауыс желбезегін тексеріп, қажетті емін белгілей алады.

Жарақат пен зақым: бет, мұрын, құлақ немесе тамақ жарақатын алсаңыз, тіпті оны болмашы зақым деп ойласаңыз да, ЛОР дәрігерге көрініп, кеңесін алғаныңыз жөн.

ЛОР дәрігерге тұрақты көрініп тұрса көп ауру мен асқынудың алдын алуға болады.

Әр жағдай өзгеше болады, ал біздің мамандар түрлі асқынуды анықтап, емдей алады және қажетті емін белгілей алады.

Дәрігер қабылдауына +7 727 261 04 50 номері арқылы жазылуыңызға болады.