Басты бетДАНИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР СОВМИН ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ДАНИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР СОВМИН ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ДАНИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР СОВМИН ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ДАНИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР СОВМИН ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ 
Совминде Даниядан келген дәрігерлер қонақта болып қайтты. Шетелдік әріптестер өз елінен бөлек, Африкадағы, Гренландиядағы дерматология саласын зерттеумен айналысады, енді ат басын Орталық Азияға тіреп, қазақ медицинасының қара шаңырағына келді.
- Біз Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмыз, бұл жақтың медицинасымен танысуды үздік ауруханадан бастауды ұйғардық. Бізге бәрі қызық: мұндағы жүйе қалай құрылған, дәрігерлердің деңгейі, олардың жұмыс ітейтін жабдығы. Жинаған деректерімізді ғылыми еңбектерімізде пайдаланбақпыз, - деді Олборг университеті жанындағы аурухананың бас ғылыми қызметкері Карстен Сойер Миккелсон. 
Қонақтарға емхана, нейрохирургия, онкохирургия және соматика бөлімшелері таныстырылды. Соматикадағы бесжұлдызды қонақүй деңгейіндегі палаталар ғалымдарға ерекше әсер қалдырды – медицинасы үздік саналатын елдің өкілдерін таң қалдыру оңай емес.
Данияда денсаулық саласына ЖІӨ-нің 10,4%-ы жұмсалады, медициналық қызметтердің дені тегін. Сәйкесінше мемлекеттегі орташа өмір сүру ұзақтығы Еуропа Одағындағы орташа көрсеткіштен асады – 81,3 жас. Әлемнің жетекші медицинасының өкілдері Ұлттық госпитальдің жұмысына жоғары баға берді.